РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Атқа міну мәдениеті

2019 жылдың қаңтар айының 29-шы жұлдызында «Кәусар» бөбекжай – балабақшасында «Балбұлақ» орта тобымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының бір бөлігі ата-бабамыздың асыл мұрасын дәріптеу мақсатында «Атқа міну мәдениеті» атты іс-шара өткізілді. Іш-шара ұлттық бұйымдар және ат әбзелдерінен көрме қойылып, әсем безендірілген акт залында өткізілді. Мерекеге ауылдық округтің ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Айманбеков атамыз бастаған бірнеше ақсақалдарымыз қатысты. Іс-шара «Атқа міну мәдениеті» жайлы кіріспе сөзбен бастау алып, «Ұлы даланың жеті қыры» туралы бейнетаспа көрсетілді. Кішкентай бүлдіршіндеріміз келген қонақтарға сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Балалар салт-дәстүрге арналған өлеңдерін оқып, қыздар нақышына келтіріп ұлттық билерді биледі. Жетпісбай атамыз қазақ халқының дәстүрі туралы, жылқы малының берер пайдасы жайлы айтып өтсе, Дәкен атамыз ат әбзелдерімен таны...
Толығырақ... Оқылды: 520 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 22.02.2019

«ҚУАНЫШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ ҚУАНЫШ

Көксу ауданы Елбасының сарабдал саясатын, бағдарламарын әр уақытта терең бойлап, қолдау білдіріп келеді. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздер үшін өте маңызды. Осы мақсатта, мектептер мен балабақшаларда әртүрлі шаралар ұйымдастырылып, эстафета және қазіргі тілмен айтқанда, челлендж түрінде бір-біріне беріліп жатыр. Осындай игі істің бірі – өткен аптада Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Атқа міну мәдениеті» бағыты бойынша, «Қуаныш» бөбек жай - балабақшасында өтті. Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Тлеумұрат Сейтниязов, Балпық ауылдық округінің әкімі Қуат Күзбаев, аудандағы балабақшалардың меңгерушілері мен ата-аналар қатысты. Бұл шараның мақсаты – өсіп келе жатқан өрендерге мақаланың маңыздылығын түсіндіріп, сол арқылы тарихымызды, салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарымызды ұстануға үйрету. Жалпы, «Атқа міну мәдениетінің» көш...
Толығырақ... Оқылды: 439 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 22.02.2019

Жастарға Ардагерлердің ақ батасы

08 ақпан күні аудандық мәдениет үйінде аудандық ардагерлер ұйымының бастамасымен Жастар жылына орай «Ардагерлердің ақ батасы» атты форум болып өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбавтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, тиісті жарлыққа қол қойғаны баршаңызға белгілі. Осы орайда еңбек жолдарын жаңа бастап үлкен өмірге қадам басқан жас мамандар ІТ саласында, жаңа технологияларды игеруде, өнерде, білімде және спортта аудан мерейін асқақтатып жүрген жастарымыз жетерлік. Осы жастардың артылған сенімнің туын жықпай биікте ұстайтынына сеніміміз мол. Шара барысында аудан әкімі Марат Разбеков жалынды жастарды «Жастар жылымен» құттықтай келе өз сөзінде: «Құрметті жас достар! Елбасы Сіздерге, үнемі зор сенім артып келеді. Сондықтан-да осы жылды «Жастар жылы» деп бекітті. Бұл өздеріңізге арналған үлкен сенім. Әр жастың ойында &la...
Толығырақ... Оқылды: 434 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 14.02.2019

Ш.Уалиханов атындағы Кадет корпусына түсуге іріктеулер басталды

Алматы облысында ТМД деңгейіндегі жоғары санаттағы кәсіби сержанттар дайындайтынШ.Уалиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына жастарды тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Щучинск қаласында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусы 1996-шы жылдың 1 шілдесінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылды. Осы мерзімде мемлекетіміздің Қарулы Күштерінің қатарына 2 мыңнан астам кәсіби сержант қосылып, жас жауынгерлерге тәлім тәрбие беруде. Жалын жүректі жастар өздері таңдап алған әскери мамандықтың қыры мен сырын кадет корпусының қабырғасында меңгеріп, әскери бөлімдерге қызметке аттанады. ҚР ҚК Ш.Уалиханов атындағы Кадет корпусының 3-сыныптағы сержанты, дене және жауынгерлік бағыттағы нұсқаушысы Нұртай Абуталиповтың айтуынша: «Кадет корпусы – бастапқы әскери білім бағдарламасы негізінде ҚР ҚК сержанттық лауазымында қызмет атқаратын кіші командалық құрамды жасақтайтын бірден-бір оқу орны. Жыл са...
Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 13.02.2019

САЛБУРЫН – 2019

Соңғы жылдары елімізде ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрлерімізге ерекше мән берілуде. Атап айтсақ, аймақтарда ұлтымыздың текті болмысын және дала даналығын дәріптейтін дәстүрлі ойындар көптеп ұйымдастырылып жүр. Осыған орай, 2019 жылдың 25-27 қаңтары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру, халық арасында мемлекеттік рәміздерді, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеп, атқа міну мәдениеті арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, ұлтымыздың құсбегілік өнерін халықаралық деңгейде насихаттау, дамыту, халықаралық деңгейге көтеру мақсатында Ақсу ауданы Қызылағаш ауылдық округіндегі таудың бөктерінде ҚР «Қыран федерациясының» ұйымдастыруымен «Салбурын - 2019» ашық республикалық турнирі» өтті. Бұл игі шара ұлттық құндылықтарымызды елдің көзайымына айналдырары хақ. Әрі өңірдегі туризм саласын дамытуға да оң әсері болатыны сөзсіз....
Толығырақ... Оқылды: 437 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 08.02.2019

БЕКЗАТ ӨНЕРДІҢ ИЕСІ

Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда. Бүркітші тау басында, қағушы ойда, Іздің бетін түзетіп аңдағанда. (АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ) Қазақтың қасиетті өнерінің бірі – бүркітшілік. Жалпы, бүркітшілік ол – бекзат өнер, қазақтың тектілігін айғақтайтын дәстүрі. Мұндай үрдістер – ұлтымызда ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын алтын көпір десек қателеспеспіз. Бірақ, бүгінде тау түлегiн баптап, қыранын қиқулатқан ата-баба мирасын жалғастырып жүрген ұрпақ аздың қасы... Солай десек те, Алғабас ауылдық округінде рухани жанымыздың азығы саналатын, құсбегілік өнерді көзінің қарашығындай қорғап, әлі күнге дейін салт-дәстүрді ұлықтап жүрген бір жан бар. Ол – қазақ қанына сіңген құсбегілік өнердің өрінде жүрген Нұрданхан Бұрымбетов ақсақал. Нағыз қазақ жігітінің қазынаға қосқан бір серігі қыран бүркітті ата-баб...
Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 08.02.2019

АРХЕОЛОГТАР БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

“Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістік тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады”, - деп Елбасымыз айтып өткендей, тарихты зерттеу – ұлт болашағының ажырамас бір бөлігі. Рухани мол мұра мен төл тарихымызды дәріптеу арқылы жас буынның бойына патриоттық сезімді ұялату – өте қажетті нәрсе. Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасының жалғасы болып табылатын бұл мақала Ұлы даланың тарихын еске салады. Соның ішінде, ұлт мақтанышы болған тұлғалар мен тарихи көне ескерткіштерге аса мән беріледі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тарихты жаңғырту мен жастарды ұлттық тәрбиемен сусындатудың әртүрлі жолдарын қарастыру керектігін айтып өткен. Осыған орай, біздің аудан да бағдарламаны қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастыруда. Соның ішінде, 2019 жылдың 28 қаңтарында Ж.Егінбаев атындағы орта мектептің тарихи өлкетану мұражайында тарих пәнінің мұғалімінің ұйымдастыруымен жас археологтар бұрышы ашылды. Тарихи са...
Толығырақ... Оқылды: 374 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 31.01.2019

ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халқының жеті қырын атап көрсетті. Сол жеті қырлы алмастың алғашқысы – гауһардай жарқырап күллі көшпенділер дәуіріне, адамзат дамуына сәуле түсіріп тұрған атқа міну мәдениеті. Себебі, өзін көшпенділердің тікелей ұрпағымыз дейтін қазақ баласы үшін атқа мініп, ысқырып жылқы айдап, көпіршітіп қымыз сапырып, қиялай кесіп қазы жеуден артық бақыт болмас... Осы атқа міну мәдениетінің ішінде жылқымен қатысты ұлттық ойындар, жүрегім қазақ деп соғатын әрбір азаматты тебірентпесі анық. Сондай ойындардың бірі әрі бірегейі – көкпар ойыны. Көкпар – жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі, ұлттық құндылық. Әрі бұл рухы мықты жігіттердің ойыны десек те болады. Бұл - еліміздің елдігін, көңілдің кеңдігін, адамның ептілігін танытатын ойын. Әсілінде, көкпар десе арқасы қозбайтын қазақ кемде -кем. Ауыздығымен алысқан тұлпа...
Толығырақ... Оқылды: 551 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 31.01.2019

Көксу ауданына қарасты Лабасы ауылдық округінде сүт зауыты іске қосылуда.

Сүт зауыт 1967 жылдары бой көтерген. Біраз істеп, сүт зауыты жұмысын тоқтатыпты. Қазіргі уақытта 20 жылдан аса тоқтап тұрған зауытты біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. «Әзірге мұндағылар тек түрік айранын, құрғақ сүт және ысталған шұжық шығаруда. Зауыт толық қуатына көшкеннен кейін сүт өнімдерінің барлық түрін шығару жоспарланып отыр»,- дейді зауыт басшысы Бақыт Арқабаев. Айтуынша, зауыттың қыстыгүні іске қосылуының өзінде үлкен мән жатыр дейді. Себебі, көктем шығып, жаз келгенше өндіріс әбден бір жолға қойылады. Әрі жас мамандар да тәжірибе жинақтап, ауқымды көлемде жұмыс істеуге шыңдалады. Дегенменде зауытқа инженер-технологтар, зертханашылар әлі де жетіспеуде. Айта кетейік, қазір мұнда 20 адам еңбек етіп жүр. Ал, алдағы жылдары тағы 20 шақты адам жұмысқа алынбақ. Зауытқа көршілес жатқан Кербұлақ, Ескелді, Қаратал аудандары да сүт өткізеді екен. Тәулігіне 40 тонна сүт қабылдап а...
Толығырақ... Оқылды: 357 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.01.2019

Орбұлақтағы орасан зор ерлікке - 375 жыл

Жаркент қаласында Тұңғыш Президент күніне орай және Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына байланысты «Ұлы жебе» мемориалды кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов, Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, тарихшы ғалымдар, қаламгерлер, аудан жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Атырауда Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай халықаралық ғылыми-конференция өтті Дөнен бидің мөрі немересінің қолында сақталған Ұлттың ұлылығын ұлықтауға ұйыстырады- профессор «Ұлы жебе» мемориалдық кешені негізінен ақ мәрмәр мен граниттен дайындалды. Жобаның құны - 278,6 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер ұйым - «Kagan Engineering» ЖШС. Мемориалды кешеннің суретшілері - Ғазиз Ешкенов пен Айдар Жамхан, мүсінші архитекторы - Айдын Жайлаубаев. Мемориалды кешенді тұлпарлы батырлар бейнеленген барельеф, жоғарыға тік шаншылған жебе мен қалқан құрап тұр. Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай &laqu...
Толығырақ... Оқылды: 571 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.12.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.