РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

КИНО ӨНЕРІНІҢ ЖАУҺАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Аптаның сәтті күні сәрсенбіде Қадырғали Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушылары арасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – Алатаудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Тақиялы періште» киносы арқылы таныс Әлімғазы Райымбековпен кездесу өтті. Біртуар режиссер Шәкен Айманов тамаша көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қызықты сюжетімен есте қалатын ерекше – қазақ кино өнерінің жауһарына айналған «Тақиялы періште» атты фильмін 1968 жылы жарыққа шығарды. Киноның негізгі мазмұны – ауылдан қалаға келген Тана ана, баласы Тайлақтың бойдақтығына төзбей, «ер бала жалғыз тұра алмайды, оның қасында қолдаушы...
Толығырақ... Оқылды: 415 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 30.11.2018

ОРЫНДАЛҒАН УӘДЕ

Ағымдағы жылдың тамыз айында Көксу ауданында жерлестер форумы өткен болатын. Кездесуге Көксу өңірінде туып-өсіп, қазіргі уақытта еліміздің әр жерінде еңбек етіп, өз істерін өрге бастырған іскер азаматтар келді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жалпы саны 11 жобаны құрайтын біршама игі істер қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Соның бір бастамасы - «Іскер азамат, ел тірегі» атты Көксу ауданы жерлестерінің кездесуі. Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ел ішінде шынымен де меценаттық толқын туғызды. Әр ауылда танымал кәсіпкерлер болсын, мектеп бітірген қарапайым түлектер болсын, бас қосып, өрелі тірлік, өнегелі іс атқарып келеді. Айтылған кездесуде жомарт жерлестер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді. Ақылдаса келе ауданымыздағы елді мекендердегі халықтың тұрмыс-тіршілігін және денсаул...
Толығырақ... Оқылды: 328 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 23.11.2018

Алматы облысында Ұлт Көшбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды

Талдықорғанда, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың су жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын іске асыруға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Елбасы «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне жария еткен мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырған. Онда ұлы даланың жеті қырын: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Аң стилі» деп бөлінген. Олимпиада чемпионы, Жақсылық Үшкемпіровтің айтуынша, бұл мақала президенттің қазақстандықтардың рухани баюына арналған екінші қадамы. « «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады». Міне осылай басталатын мақаладан әр қазақтың баласы ерекше шабыт алды де...
Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 22.11.2018

Шымкетте «Zhetysu Travel-2018» атты форум өтті

Шымкент қаласында, Алматы облысының туристтік мүмкіндіктері паш етілген «Zhetysu Travel-2018» атты форум өтті. Қазіргі таңда Алакөл Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі болып табылады. 2014 жылы оған 140 мыңға жуық демалушы келсе, осы маусымында бұл көрсеткіштің саны 10 есеге өсіп, 1 миллион 250 мың адамды құрады. Алайда Алматы облысының туризм басқармаса бұл нәтижеге тақталып қалмай, өңірге 1 миллионан да көп туристтерді тарту жолдарын қарастырып жатыр. Осы мақсатта, облыс басшылығы Түркістан облысы және Шымкент қаласында Жетісу табиғатымен киелі нысандарын таныстыратын В2В форматында кездесу ұйымдастырды. Жиында, бірқатар жергілікті туристік фирмалары мен Жетісу туристтік ұйымдарының өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, өңіраралық туризмді дамыту бойынша бірнеше бағдарламалар таныстырылды. Сонымен қатар, 2019 жылы Шымкенттен Алакөл жағалауына дейін теміржол қатынасы іске қосылып, екі аймақ арасынан туристтер еш кедергісіз қатынай ала...
Толығырақ... Оқылды: 553 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 20.11.2018

Латын қарпі – қазақ тілінің жаңа белесі

«Ел – бүгіншіл, Менікі – ертең үшін» А.Байтұрсынов. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында. «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Елбасымыздың осындай сарабдал саясатын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі жанынан құрылған «Қазақ әліпбиін – латын қарпіне көшіру» жөніндегі ақпараттық- түсіндіру тобы үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап, ауылдық округтердегі елді мекендерді аралап, көшпелі семинар жұмысын жүргізіп ке...
Толығырақ... Оқылды: 474 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.11.2018

Бабалар сөзі – даналық көзі

Өмірден хан да өткен, қара да өткен, Қол бастап, қайрат етер дара да өткен. Сөзін сөйлеп, халқының жоғын жоқтар, Ақылгөйі елінің дана да өткен – дегендей, Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқа аралығындағы халқымыздың басына түскен тауқыметтерін бірге тартып, ел үшін еңіреп туған ерлер шоғыры исі қазақ жұртында жеткілікті көп болғанын ешкім де жоққа шығармайды. Небір жақсылар мен жайсаңдар іргелі еліміз бен ұлан-ғайыр жеріміз үшін түн қатып, түстері қашып, мұз төсеніп, қар жамылып жүріп халқымыздың бақытты өмір сүруі үшін небір жанпидалықтарға да барғаны аңыз-әңгіме, әфсана-миф, жыр-дастан, қисса-өлең, шежірелер арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Иә, халықтың зейін-зердесінде ғасырлар бойы сақталған асыл тұлғалар аз емес. Әрине, оларды ешқандай бұйрық, жарлықпен жоя алмайсыз. Өйткені олардың есімдері де, ерлік істері де, ұлағатты сөздері де ұрпақтан ұрпаққа жетіп, жүректерге берік ұялап қалған. Қай халықтың болмасын тарихы бар, тағылымды істері бар. Олардың қол бастаған батырла...
Толығырақ... Оқылды: 3727 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.11.2018

КИЕЛІ МЕКЕНГЕ САПАР

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша өңірлік жоспар бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар атқарылып жатқаны анық. Осыған орай қараша айының 2-ші жұлдызында аудан әкімшілігінің қолдауымен үш ұрпақтың басын қосып, Шаған тауының етегінде дүниеге келген қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жұлдызды жырау - Қабылиса бабамыздың кесенесіне бару бұйырды. Аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков бастаған құрамында бірнеше округтің әкімдері, ардагерлер ұйымының төрағалары мен жастар тарихи орынды аралап, құран бағыштап, жырау өмірінің бір парасын келешек ұрпаққа ұлағаттағандай болды. Байыпты саралап қарар болсақ, арғы тегіміздің тарихы бай да базарлы. Адамзаттық алғашқы өркениеттің алтын бесігінде тұрғандығымызды мақтан тұтамыз. Тұңғыш Президентіміз, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз ұлан-ғайыр байтақ даланы ақ білектің күшімен қорғап қалған батыр бабаларымыздың асқақ аманатына адал болуымыз керек» – деп ат...
Толығырақ... Оқылды: 548 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.11.2018

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТАЛАБЫ

Өткен жұмада Алғабас пен Айнабұлақ ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында, «Нұр Отан» партиясының «Көкжиек» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, «Латын қарпіне көшу – өмірдің қажеттілігі» атты жиын өтті. Жиынға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қаракөз Садықова, округ әкімдері Дәурен Молдағали мен Мәулен Бәзілов, Алғабас ауылдық орта мектебінің директоры Сембек Абдрахманов, Мұсабек орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұлдыз Қасымова және Мұқаншы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сәлима Хасанқызы, Ескелді ауданы М.Мәметова атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гүлзира Какен, «Алпамыс» балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мира Бектемірова, Айнабұлақ ауылдық округі №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәніні...
Толығырақ... Оқылды: 492 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 02.11.2018

ЛАТЫН ҚАРПІ ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ЖОЛ АШАДЫ

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне әкелері сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге жетуіне жол ашады. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты» - деген болатын. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Ендігі кезекте Мемлекет басшысы атап өткендей ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әді...
Толығырақ... Оқылды: 398 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 26.10.2018

ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ КҮН

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру – жүрегі елім деп соққан әрбір азаматтың қасиетті парызы екендігі айтылған. Аталған бағдарлама аясында қазан айының 6-ы күні Жарлыөзек ауылдық округінде екі бірдей нысанның ашылу салтанаты болып өтті. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы, Нұр Отан партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков, аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Жамбыл Бейсенбай және округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында округте орналасқан спорт алаңы заман талабына сай салынып, халық игілігіне берілді. Салтанатты жиынды аудан әкімі Алмас Әділ ашып, ауыл тұрғындарын көп тілегімен бой көтерген спорт алаңының ашылуымен құттықтады. «Спорт – денсаулық...
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 12.10.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.