РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТАРИХҚА АЙНАЛҒАН ТАС МҮСІН

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында және «Туған жерге туыңды тік» атты рухани қазыналық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Социалистік Еңбек Ері, ел анасы атанған Зылиха Тамшыбай апамыздың ұрпақтары өз қаражаттарымен ескерткіш-бюст орнатты. Осы орайда, қазан айының 5 жұлдызында Еңбекші ауылдық округінде анамыздың Құрметіне қойылған бюсттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Астанадан, жан-жақтан облысымыздан мәртебелі қонақтар, ауыл тұрғындары, анамыздың замандастары мен туған-туыстары және де БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы сөз сөйлеп, мерейтой иесінің өмір жолы, ғылым-білім саласына қосқан үлесі жайлы баяндады. - Құрметті жерлестер! Қадірменді қонақтар мен ауыл тұрғындары! Бүгін жетпіс жылдан аса тағылымды тарихы бар кенен өңірімізде айтулы күндердің бірі. Себебі, мемлекетімізге тәлімді еңбегімен танылған тұлға, саналы ғұмырында сан белесті бағындырып, ел анасы атанған Зылиха...
Толығырақ... Оқылды: 689 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.10.2018

Жетісуда тұңғыш рет КТА ойынының фестивалі өтпек

Алматы облысында жайдарман ойындарын дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Себебі жайдарман ойыны мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, олардың қоғамдағы орындарын анықтауға, құқық бұзушылыққа жетелейтін жағымсыз әдеттерден арылуға және бос уақытты тиімді пайдалануға үйретеді. Осыған орай, Талдықорғанда ағымдағы жылдың 1-ші қазанында «Жайдарлы Жетісу» фестивалі өткізілмек. Фестивальға республикадан 7 команда, облыстан 3 топ шақырылып отыр. «Жетісу жастары ұйымының Конгресі, Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасынан мемлекеттік тапсырысты ұтып алған болатын. Осыған дейін біз Алакөл жағалауында КТА ойындарын өткізіп, командалар арасында тәжірибе алмасуды үйымдастырдық. Қазіргі таңда жастар қауымдастығы бірлестігі облыс, аудан, қалаларын аралап КТА ойнының міндеті мен ережелерін түсіндіру мақсатында семинарлар өткізіліп жатыр. 2018 жылы бұрынғыданда ауқымды жоба «Жайдарлы Жетісу» фестивалі өткізбекшіміз. Кеш жүргізушісі әзіл әлемінің майталманы...
Толығырақ... Оқылды: 423 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 01.10.2018

«Самғау» сыйлығының жүлде қоры ұлғайды

Алматы облысының журналистеріне арналған облыс әкімінің «Самғау» журналистер сыйлығының көлемі ұлғайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев мәлімдеді. Былтыр Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 21 журналиске «Самғау» сыйлығын тапсырған болатын. Биылғы жылы «Самғау» байқауы жаңа жүлде қорымен өткізілмек. «Байқау адамды қанаттандырады. Жүлдеге ие болып, оза шабу қуаныш сыйлайды. Осыған орай, Жетісу журналистерінің ақпарат саласындағы майталмандылығын ұлғайту мақсатында «Самғау» байқауы ұйымдастырылады. Байқау өзгешелігі былтыр операторлар мен бейне-инжинерлерді бір аталым шеңберінде бағаласа. Ал, биыл «Үздік монтаж» деген аталымды жеке қосып отырмыз. Сонымен қатар, өңірдің журналстикасын дамытуға ерен үлес қосқан ардагерлерді де марапаттайтын боламыз. «Үздік желілік басылым» деген де аталым б...
Толығырақ... Оқылды: 427 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 03.09.2018

Алматы облысында екінші жыл қатарынан Алакөл көлінде «BlogCamp - Alakol summer school» шарасы өтті

Алматы облысында екінші жыл қатарынан Алакөл көлінде «BlogCamp - Alakol summer school» шарасы өтті. Шараға белгілі блогерлер, баспасөз хатшылары мен республикалық, өңірлік БАҚ өкілдері, ақпарат саласының белсенді тұлғалары қатысты. Ақпарат саласының мамандары Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған бағыттарын насихаттауда қандай жаңа ақпараттық құралдарды қолдану керектігі жөнінде де өзара пікір алмасты. Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен белгілі блогерлер шеберлік сағаттарын өткізіп, өзара тәжірибе алмасты. Бүгінгі күннің басты талаптарының бірі – әлеуметтік желіні тиімді пайдалану. Сондықтан медиа шараға қатысушылар осы тақырыпты қызу талқылады. «Бұл шараның басты мақсаты – жаңа медиаақпарат толқынындағы өзекті, әлеуметтік желіде, заманауи мессенджерде трендте жүрген азаматтарымызбен, республика көлеміндегі өзіміздің жергілікті меншікті тілшілеріміз болсын, блогерлеріміз болсын, баспасөз ха...
Толығырақ... Оқылды: 408 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 24.08.2018

Қасиетті Құрбан айт мерекесін тойлады

Халықты бірлікке, имандылыққа, мейірімділікке шақыратын мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесі Мұқаншы ауылдық округінде дәстүрлі түрде аталып өтті. Ауыл тұрғындары «Көксу бекеті» мешітінде жиналып, таңғы Айт намазын оқып, мерекені тойлауға кірісті. Мешіттің алдында қасиетті Құран оқылып, құрбандыққа мал шалынып, аз қамтылған мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасалды. Тұрғындар демалыстарын бір-біріне айттап, жылы лебіздерімен, тілектерімен өткізді.
Толығырақ... Оқылды: 492 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 23.08.2018

Алматы облысында «Архкод Жетісу» жобасының тұсаукесері өтті

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Архкод Жетісу» жобасының тұсаукесері өтт. Жоба қаладағы көне ғимараттардың сақталуына назар аудару, қала тарихын жетік білу мен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласын популизациялануы үшін ұйымдастырылды. Қаланың тарихын зерттеу барысында, зерттеу фотофиксацияға ғана жүгінбей, қалалық архивпен де жұмыс жасалды. Қала және оның тұрғындары жайлы соңғы 90 жыл уақыт аралығын құрайтын ақпаратты Талдықорған қаласындағы мемлекеттік архивтің қолдауымен құжаттар табылыпты. Сонымен қатар, сайтта Талдықорғанның қызықты маршруты сызылған карта бар. Ол картаны мобильдік жүйеге жүктеп алуға болады және онда туристердің қызығушылығын арттыратындай нысандар көрсетілген. «Зерттеу барасында қаланың ең әдемі, тарихи ғимараттарын таңдап алып, 3-D моделінде орналастырдық. Ол моделді арнайы «sketchup» бағдарламасымен дайындадық. Объектілер қаланың орталығында орналасқан. Баспа картаны онлайн түрінде қарау...
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 14.08.2018

Жақында Алматы облысында Хан Тәңіріне медиаэкспедиция басталады

Бүгін Алматы облысының ішкі саясат басқармасы өңірлік коммуникациялар қызметі ғимаратында өткен брифинг барысында Хан Тәңіріне медиаэкспедиция келесі апта басталатыны белгілі болды. Бұл экспедицияны ұйымдастырушылар Алматы облысындағы «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасын іске асыру үшін құрылған «Жетісу географиялық қауымдастығы» болатын. Атап айтсақ, танымал қазақстандық актер, туристік экскурсиялар ұйымдастыру бойынша «Сampit» экскурсиясының серіктестігі Әнуар Нұрпейісов, театр және кино әртісі Альпиниада мен Қазақстан тау клубының қатысушысы Айсұлу Азимбаева, оператор Александр Кузнецов, «Әлемнің жүз ғажайыбы» халықаралық фотокөрме қатысушысы, әуесқой альпинист, Жетісу географиялық қауымдастығының төрағасы Ануар Демегенов Алматы облысының ең биік шыңдарының бірі – Хан Тәңірін бағындырғылары келеді. “Туризм тұрғысынан алатын болсақ Алматы облысы тамаша флора және фаунасымен қызықтыратын өңірлердің бірі. Бізде шөл, таулар...
Толығырақ... Оқылды: 471 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.07.2018

Кітапханадағы қуаныш

Аудандық кітапханамен қоса бір күнде Мәмбет ауылдық кітапханасында да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және Астана қаласының 20 жылдығына орай «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында оқырмандарды әлемде болып жатқан заманауи трендке тарту мақсатында «Коворкинг орталығы» ашылды. Аталған шараға «Нұр Отан» партиясы Көксу аудандық филиалының эксперті Б.Әлменбет, Лабасы ауылдық округ әкімішілігінің қызметкерлері, еңбек ардагерлері, кітапхананың белсенді оқырмандары және ауыл жастары қатысты. Шара қатысушылар ашылған орталық кітапханаға үлкен серпіліс бергенін айтып, орталықтың мүмкіндіктерімен танысып өтті. Өз тілшіміз.
Толығырақ... Оқылды: 470 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.07.2018

Күй ойнайды қазағымның қанында

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Домбыра - қазақ елінің көнекөз шежіресі. Ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыраны биыл бүкіл ел болып тойласа, аудан тұрғындары да айтулы күнді атап өтті. Өткен жексенбі, яғни шілденің 1-і күні ауданның Мәдениет үйінде «Күй ойнайды қазағымның қанында...» атты домбыра пати ұйымдастырылды. Биыл алғаш рет тойланған мерекеге аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, округ әкімдері атсалысса, өңіріміздің өнерпаздары да өз үлестерін қосып, домбыра аспабының асқақ үнін аспанға шарықтатты. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені айтпаса да белгілі. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда бұл күннің алар орны ерекше. Бұл ретте, мерекелік кеште аудан...
Толығырақ... Оқылды: 653 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.07.2018

Қос мерекенің қуанышы

Өткен аптада ауданның Мәдениет үйінде мемлекеттік қызметкерлер мен Полиция күні аталып өтті. Қос мерекенің қуанышына жиналған халықтың алдында алдымен аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы құттықтау сөзін жеткізді. - "Мемлекеттік қызметкерлер күнін мерекелеу - мемлекеттік үкімет органдарының аса маңызды рөлінің дәлелдемесі. Өйткені әрбір кәсіпті атқарып жүрген мамандар өздерінің қызметін ерекше бағалайды. Мемлекеттік қызметкер болу - өзге сала мамандықтарымен салыстырғанда әлдеқайда жауапкершілігі зор. Өйткені, күнделікті атқаратын жұмысы тікелей халықпен тығыз байланысты. Еліміздің, жеріміздің өркендеуіне, өсуіне мемлекеттік қызметкерлер үлкен еңбек сіңіруде. Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен – Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын. Полицияда қызмет істеу - маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бо...
Толығырақ... Оқылды: 470 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 03.07.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.