РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Жаңа әлемге жол саламыз

Күні кеше Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі өз жұмысын бастады. Съездің басты мақсаты - «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасын» талқылау болды. Еліміздегі 1500-ге жуық дарынды жас буынның басын қосқан съезд жұмысына облыстан 70-ке жуық делегат қатысса, ауданнан өзім қатыстым. Жастар ел ертеңі ғана емес, сонымен бірге Елбасы айқындаған мемлекеттік мақсаттарды жұмыла жүзеге асыратын ең сенімді буын.Төртінші өнеркәсіптік революцияға қадам басқан қазіргідей заманда Қазақстан жастары спортпен, өнермен шұғылдануды әдетке айналдырып, бірнеше тілді еркін меңгеруі тиіс. Жаһандық бәсеке алдында мұның өзі аздық етеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана төрінде екі күнге жалғасқан «Жас Отан» жастар қанатының «Жаңа әлемге жол саламыз» атты IV съезіне арнаған құттықтау хатында тәуелсіз елдің ұрпа...
Толығырақ... Оқылды: 445 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 06.04.2018

ҚАЛАУЫН ТАПСА ҚАР ЖАНАР....

Биылғы жылғы әз Наурыз мерекесі ұйымдастыру, мәдени, спорттық іс-шаралар мазмұндық тартымдылығы жағынан ізденіске толы жаңаша сипатқа ие болды десті мерекеге қатысушы ел-жұрт. Қазақстан теле- арнасынан Алматы облысы бойынша біздің Лабасы ауылдық округіндегі Жамбыл ауылында өткен ат бәйгесі ерекше ұлықталды. Осы мақалада Лабасы ауылдық округі бойынша жұмыс істеп тұрған «Ер Төстік», «Балбөбек», «Еркем-ай» бөбекжай-балабақша ұжымдарының ортақ іс, игі бастамалары Наурыз мерекесі құрметіне игі тартуларының мәні тереңде: «Әрбір басшы, әрбір маман, әрбір жұмыс иесі өз ісінде жаңаша ойлап, жаңа идеялар ұсынса мен қолдауға әзірмін». Бұл аудан әкімі Алмас Қабдулұлының ел басқару ісіндегі ең басты ұстанымы ғана емес әрбір басшыдан осыны талап етіп келеді. Әсіресе, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан іс-шараларға мониторинг жүргізіп сараптап отыру ішкі саясат бөл...
Толығырақ... Оқылды: 662 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 30.03.2018

Ел мерейі - рухани жаңғыру

Бүкіл дүние Төртінші өнеркәсіптік революция екпінімен тыныстап, даму талаптары күн санап күрделене түскен бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы стратегиялық даму бағдарымызды одан сайын айқындай түсті. Аға буын өкілі ретінде Елбасы Жолдауындағы міндеттерді ой елегінен өткізіп, мұның барлығы да Қазақ елін өркениет көшінің алдыңғы легіне бастаудың талаптары екеніне көз жеткіздім. Мемлекет басшысы алға қойған 10 маңызды міндетті индустрияландыру мен жаңа технологияларды енгізуден бастады. Бүгінде кез-келген елдің экономикалық дамуы осыған тікелей байланысты. Бұл түптеп келгенде, бәсекеге қабілеттіліктің алғы шарты болып отыр. Елбасы Жолдауда елдің ресурстық әлеуетін дамытуды үнемдеу, баламалы энергияны көптеп қолданысқа енгізумен байланыстырды. Еліміздің ауыл шаруашылығындағы зор мүмкіндіктерді икемді пайдаланып, оны ұлттық брендке айналдыруға мән берді. Көлік - логистика тиімділігін арттыру, құрылыс, қаржы салаларын жаңғырту, тиімді мемлекеттік б...
Толығырақ... Оқылды: 463 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.03.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.