РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Қарасай ауданында 1200 орындық білім ошағы бой көтерді

Алматы облысында білім беру саласына көп көңіл бөлінуде. Оған дәлел биылғы жылы 32 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 23 мектеп, 1 спорт залын жапсарлас салу, 3 балабақшаны қайта жаңарту, 4 колледжге арналған жатақхана және 1 өнер мектебі бар. 15 мектептің құрылысы 2021 жылға жоспарланған. Игі істің арқасында облыста үш ауысымды мектептердің саны азаймақ. «Облыста 17 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Осы арқылы үш ауысымды мектептердің қатары азаяды деп отырмыз. Айта кету керек, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 11 мектеп, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 6 мектептің құрылысы жүргізілуде»,- дейді өңірдің бас ұстазы Майгүл Омарова. Бұдан басқа, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 1500 орындық тағы 6 мектеп және 29,9 млрд.теңге сомасына 1200 орындық 1 мектеп салу көзделген. Сондай-ақ Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы Б.Қосынов атындағы орта мектеп апатты жағдайда болуына байланысты 2018 жылы аудан әкімі Жандарб...
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 01.09.2020

Білім күні қарсаңында жаңа мектеп бой көтерді

Білім күні қарсаңында Көксу ауданының Қызылтоған ауылында 120 орындық жаңа мектептің тұсауы кесілді. Қызылтоған орта мектебінің салтанатты ашылу рәсіміне Көксу ауданының әкімі Алмас ӘДІЛ қатысты. Мектеп қазақ тілінде білім беруге арналған.ҚР Конституцияның 25 жылдығына орай ашылған, сән-салтанаты жарасқан 2 қабатты 120 орындық білім ордасын мердігер «СП NEFT» ЖШС мерзімінде аяқтап шықты. Бұл жобаның жүзеге асырылуы үшін бюджеттен 717 млн теңге қаражат бөлінген. Енді жас қызылтоғандықтар жаңа ғимаратта, ашық та ыңғайлы сынып бөлмелерінде өз білімдерін жетілдіретін болады. Биыл жаңадан ашылып отырған білім ошағында пандемия жағдайына байланысты кезекші 1-4 сыныптардағы 40 оқушы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектеп қабырғасында білім алса, 62 оқушы қашықтан оқитын болады. Жаңа білім ордасының ашылғанына қуанған ауыл тұрғындары мемлекетке де, осы игілікті іске күш жұмсаған барлық сала мамандарына да өз алғыстарын айтуда.
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.08.2020

«Көк желекті Көктерегім» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Облыстық «Jeisy media» ақпараттық алаңында « Көк желекті Көктерегім» атты кітаптың тұсауы кесілді. Жинақта Сарқан ауданына қарасты шағын ғана ауылдың тыныс-тіршілігі, кешегісі мен бүгінгісі айшықталған. Киелі топырақтан қол бастаған батырлар, даналыққа жеткен дарындар, тұғырлы тұлғалар шыққан. Осындай халықтың ықыласына бөленген азаматтарды жан-жақты , жүйелі түрде зерделеп, олардың өмір жолын кітапқа арқау еткендер некен-саяқ. Аталған кемшілікті түзетуге туынды авторлары барын салған. Туған елінің тарихы туралы жазылған қазынаның жарыққа шығуына Жаңабай Әділбайұлы, Есенай Іңкәрбаев тер төккен. Жалпы кітап «Киелі мекенім - Көктерек», «Қайталанбас қасиет иелері», «Естеліктер» атты үш бөлімнен тұрады. « XIX ғасырдың алғашқы жартысында осы жерде ғұмыр кешкен тарихи тұлғалар Қоңырбайұлы Көтен тәуіп пен Тілеукеұлы Бәйтік дамолданың қалдырған мол мұрасы мен өсиеттері, төрелік айтқан Базарбай мен Шыңғай билердің...
Толығырақ... Оқылды: 82 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 24.08.2020

ХАКІМНІҢ ЖИЫРМА БЕСІНШІ ҚАРА СӨЗІ ЖӘНЕ БІЗ

Абайдың қара сөздеріндегі тіл білу, білім алу жайын жан-жақты қозғаған мына бір жолдарға назар аударайық. Ұлы ойшыл былай дейді: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі – олар дүниенің тілін білді... Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді... Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі». Бұлар – ойшыл ақынның сонау XIX ғасырда жазғандарынан. Ғақлиясындағы 25-ші сөзден алынған үзіктер. Осы жолдардың «Орыстың тілі – дүниенің кілті» деп қысқа тұжырымдалған нұсқасы кешегі Совет заманында бағдаршам іспеттеніп, баршамыздың санамызда жарқырап жанып тұрғаны белгілі. Оны тәуелсіздік дәуірі басталғалы, әсіресе қазіргі таңда да ұмытқан емеспіз. Әйтсе де, бұл тұжырымды бүгінгі 21-ші ғасырда кейде кейбір сая...
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 06.08.2020

БӨЛТІРІК ШЕШЕННІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

Әдебиет тарихында әлі күнге толымды зерттелмей, тиісті бағасын ала алмаған дәуір – ХІХ ғасыр әдебиеті. Әсіресе, бұрынғы Қоқан хандығының қол астында болған Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдеби мектебі өкілдерінің мұраларын зерттеу мәселесі бір ізге түсіп, тиісті бағасын алған жоқ. Кеңестік тоталитарлық қыспақ-жүйе қазақ рухының астанасы болған түстік өңірдің әдеби-тарихи баянын толымды зерттеуге тосқауыл қойып, «дін – апиын» қағидасын бетперде етіп, «ұлт рухын оятып жіберуден» барынша сақтана қарап, жол бермегені мәлім. Мұны бір ғана әдеби жәдігерлерді қайта сын тезінен өткізіп, түгелдей бастағаннан-ақ пайымдауға болады. Уақыт таразысы «әдебиеттің – асыл мұра» екендігін соны таным негізінде жүргізіле бастаған зерттеулермен тағы бір түйіндеп берді, халық рухының қайнар әлеміндегі орны барынша жарқырап, айқындала түсуде. Бірақ, әдеби көмбелеріміздің ашылмаған, қаралмаған, зерттеулер мен зерделей түсуді қажет ететін тұстары бар екендігін әл...
Толығырақ... Оқылды: 1936 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 30.07.2020

Фараби жұлдызы

Тоғызыншы ғасырдың соңы мен оныншы ғасырдың алғашқы жартысында Түркі даласының ұланы, тұтас адамзат баласының маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі-Әбу Насыр әл-Фараби әлемдік руханиятқа өзінің өлшеусіз үлесін қосып жатты. Қазақ жерінде, Арыс өзенінің бойындағы Отырар қаласында дүниеге келген болашақ ғалымның толық аты-Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат-Түрки еді. ТІЛІН ҚЫПШАҚША «СЫНДЫРҒАН» ҒҰЛАМА Тархан деген атына қарап-ақ оның түркі тектес халықтар арасынан шыққандығын замандастары да, тарихшылар да бірден аңғаратын. Ежелгі Отырар топырағында асыр сап жүрген баланың тілі алғаш қыпшақ тілінде шыққан еді, дейді ғалымдар. Оның аса зеректігі мен ілім-білімге деген құштарлығы бала кезінен білінген екен. Ол сонымен бірге араб, парсы, латын, грек және санскрит тілдерін де өсе келе еркін меңгеріпті. Әбу Насыр әл-Фараби әлемдік деңгейде «екінші Аристотель» атанған ғажайып ғұлама болатын. Оның атсалыспаған ғылым саласы жоқтың қасы болар...
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.07.2020

Хәкім Абай қатерлі дертпен қалай күрескен?

Бұл күндері бүкіл әлемді бір вирустың қауызына тыққан қатерлі індет адамзат баласына үлкен қауіп төндіріп тұр. Ислам оқымыстылары мұндай әлемдік пандемияны «түзетуші» деп қарайды. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздан жеткен хадисте белгісіз індеттің келуі жер бетінде жаманшылық үстемдік құра бастаса, яғни адамдардың іс-әрекеттері күнәлі істерге бейімделсе, дүниеге берілсе, жақсылықтан тыйылса, обал-сауап төмендеп, нәпсі қалауы алға шыққан жағдайда Ұлы Жаратушы жер бетіне ескерту ретінде жібереді деген тәмсіл бар. Карантин деген сөздің өзі «қырық күннен тұратын уақыт» деген ұғымды береді екен. Сол індеттердің адамзат баласына біраз зардап шектіргені болмаса, тұрақтап қалғандары болмаған. Дерт болды екен, оның шипасы да болады. Ол туралы Ұлық пайғамбарымыз: «барлық дерттің шипасы бар» деген. Алла қаласа, мұның да шипасы табылар. Осы пікірлерімізге байланысты әлем таныған ұлы ақын, ойшыл ғұлама Абай атамыздың өзі өмір сүрген заманда қазақ даласын шарпыған...
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 02.07.2020

НАУАИ ЖӘНЕ АБАЙ

Абай Құнанбаев ХІХ ғасырдың екінші жартысында жасаған қазақ поэзиясының шұғылалы шыңы, ұлы тұлғасы. Ол қазақ әдебиеті тарихында қазақ жазба әдебиетінің негізін салумен бірге, сыншыл реализмнің де негізін қалаған кемеңгер ақын. Оның ұлы ақын, тамаша философ, кемел аудармашы, композитор, ірі қоғам қайраткері болып жетілуінің бірден-бір сыры, академик-жазушы Мұхтар Әуезов берген мәліметіне қарағанда, ол үш мектептің қайнар көзінен, нәрлі бұлағынан сусындап, әлем әдебиеті қазынасына өзінің мол үлесін қоса алды. Біріншіден, ол туған әдебиетінің бал бұлақтарынан нәр алған болса, екіншіден, Шығыс классиктерінің мол мұраларынан, үшіншіден, орыс және Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы шығармаларынан сусындағандығын байқаймыз. Иә, жасыратыны жоқ, күні кешегі, ХХ ғасырдағы қызыл империяның негізгі тұтқасы болған, коммунистік партия тұсында Абай нәр алған мектептер ішінде «Орыс әдебиетінің ықпалы басымдау, молдау» болды деген ой түйінді жиі-жиі айтып келген болатынбыз. Шынтуайтына ке...
Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 25.06.2020

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Мәнді сөздер»

Мен жетпіс екі жасқа келгенше өмірде болатын неше алуан қилы оқиғаларға, түрлі жамандық, жақсылыққа кездесіп, солардың көпшілігін, керекті-керексіздерін өзім де істеп, басымнан өткізгендерім көп. «Алдыңда өнегелі көрерің болсын» дегендей, алдымда Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып, «мен де адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн» деп, басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім жолына түстім. Негізгі алған білімім болмаса да, өз бетіммен ізденіп, өткен жазушы-ғалымдардың жазғандарын оқып, ойларымен танысып, білгендерден сұрап, өз ойымнан құрап, түрлі әңгімелер жазып, барлық өмірімді жазумен өткіздім. Елу жасқа тақаған соң, оңашада жатып, басқа келген ойлардың барлығын қағазға түсіріп кеттім. Мен солардың бәрін өз мақтаным үшін жазғамын жоқ, мақтан үшін жазылған, айтылған сөздің құны болмайтынын жақсы білемін. Кейінгілер жарағаннан үлгі алып, өнеге үйренсін дедім. Міне, жетпістен астым, ойым тозбағанмен, денем тозды. Тозған денем ойыма орын болуда...
Толығырақ... Оқылды: 177 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 12.06.2020

Ұлы Абайдың ұрпағымыз!

Биыл ғұлама Абайдың өмірге келгеніне 175 жыл толды. Ел іші-сыртында әлем таныған Абайды еске алудың ірілі-ұсақты игі шаралары өтіп жатыр. Қалай деген күнде де осы ауқымды шаралар аясында, ұлы Абайдың нақты болмысын,ұлы ұстанымын ғылыми тұрғыда сараптап алатын «Алтын дәуірдің» жеткені анық. Ұлы Абайдың мұраларын түгендеуде, ғұламаның отбасын, ұрпақтарын, әулетін, төңірегіндегі ықпалды болған тарихи тұлғаларды жан-жақты зерттеудің маңызы зор. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, көкірегі сезімді, көңіл көзі қарақты, ойлы(зиялы) адамдарға үміт артып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге талпынуы, алға қойған мақсатқа жетуге табандылық көрсетуі, міне осындай асыл қаситтерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармаларының негізгі жүйесінің бірі болды. Себебі, көкірегі ашық,танымы терең адамның қабылдауы да жан-жақты, әр нәрсеге көңіл бөлгіш, байқағыш, ой түйгіш болатыны анық. Яғни Абай өз халқының бойындағы жаман мінез-құлықты,...
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 05.06.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.