РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Бауыржан атамыздың өсиеті

Әдетте екі ер жігіт «ассалаумағалейкум» деп, қол алысып, төс қағыстырады. Ал әйел адамдар егер бір-біріне жақын болса, бір-бірінің бетінен сүйіп амандасып жатады. Алайда бөгде ер мен әйел адамдардың бетінен сүйіп амандасуды шариғат құптамайды. Осы жөнінде халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, батыр атамыздай тектінің тұяғы, асылдың сынығы - жазушы Бақытжан Момышұлының жары Зейнеп апамыздың «Бабалар аманаты» атты кітабында апамыздың ұзақ жылдар жүргізген күнделігі іспетті жазылған ойларға жүгіндім. Мұндағы басты әңгіме арқауы батыр атамыздың баяндауында ұсынылады.Сіздердің жадыларыңызда жүрсін деген оймен осы тағылымы терең кітаптан амандасқанда беттен сүйіп, хәл сұрасудың жөні туралы жақсы ойлар, мағыналы үзінділер келтіруді жөн көрдім. «Бұрын қазақта қазіргідей үлкен-кіші, еркек-әйел жаппай сүйісіп амандаспайтын, - деді ата мен сусын апарғанда»-деп баяндайды Зейнеп Ахметова. Иә, расымен біздің қоғамда әйел болсын, еркек болсын, жақ...
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 29.05.2020

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ IV «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАСТАУ АЛДЫ

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы және ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасының басталғанын хабарлайды. «Абай оқулары» жобасының мақсаты: – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы бастамасына ақпараттық-имидждік қолдау көрсету; – Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақстандық жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби талғамды жасақтау. Әдеби эстафетаның шарттары: 1. Абайдың шығармаларының бірін мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде) және эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу. 2. Бейнематериалды Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің біріне #ЕлбасыКітапханасыАбай, #АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #читаемАбая175 хэштегтерімен жүктеу. 3....
Толығырақ... Оқылды: 98 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 15.05.2020

Майдандағы қазақ қыздары

Мәметова Мәншүк - Қайсарлығы мен қайраттылығының арқасында майданда танылған батыр қыз. 1922 жылы Орал об-лысы, Орда ауданында Мәметовтер от-басында Жиенғалидың Мәнсия атты қызы дүниеге келеді. Анасының еркелетуінше, ол – «Моншағым» екен. Кейіннен Мәншүк ата-лып кеткен ерке арудың жиырмадан астам жылдан соң, ержүрек қыз атанып, тарихта қаларын кім білген?! Ата-анасынан ерте айрылған ару қыз жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында майданға келген бола-тын. «Немістер тағы да бетпе-бет шайқасқа шықты. Пулеметші қыз қөзін ашқанда қарсы алдынан жасыл мундирді көрді. Сонда «максимнен» тағы бір кезекті от шашыра-ды. Басқалары кейін секіріп қашты. Мәншүк соңғы жігерін жинап, міндетін орындады. Миномет оғы аспанға атылды. Қолынан пулеметін босатпаған күйі көз жұмған қазақ қызын бәрі көрді. 1944 жылы 1 наурызда ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақ елі аяулы Мәншүгін ешқашан ұмытпақ емес. Барлық адам он...
Толығырақ... Оқылды: 251 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 13.05.2020

САРҒАЙҒАН СОЛДАТ ХАТТАРЫ

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл. Бұл соғыстың қасіреті аз айтылған жоқ. Кітап болып жазылды, кино болып түсірілді, тарих болып хатталды. Елге аман-есен келген жауынгердің сыр сұхбаты болып та баяндалды. Кейінгі буын «ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» ұстанымын атадан балаға өсиет қылып насихаттап та келеді. Дейтұрғанмен, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңін кең панорамада көрсетуге септігін тигізетін эпистолярлық жазбалар, яғни, ұрыс даласы мен бейбіт өмірді жалғаған жауынгер хаттары әлі де болса ғылыми тұрғыда арнайы зерттеу нысанына айналған жоқ. Жауынгер хаттары солдаттың елге деген сағынышы ғана емес, майдан өмірі, окоп шындығы. Дала почтасынан жолданған бұл хаттардың көбі бүгінгі күнге жеткен жоқ. Алайда, елім деп еңіреген ерлердің үшбұрышты үшбу сәлем хаттарын еміренген елі, асыл аналар көздің қарашығындай сақтап, ұрпағына рухани мұра қылып жеткізе алған екен. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк (Мәнсия) Жиенғалиқызы Мәметованың Орал қаласындағы музейінде қ...
Толығырақ... Оқылды: 132 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.04.2020

ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ОРАҚТЫ БАТЫР

Мақұлдау қиын. Ұлт болмысындағы асқақ рух ерлік мінез сияқты қылыштың жүзіндей қасиеттердің алтын арқауларын ширата есе алмауымызға себеп не? Тарихтың толғақты кезеңдерінде қалыптасқан ерлік пен батырлық жасаған адамдардың есімдері мәңгілікке қалуы тиіс қой. Бұл басы ашық ақиқат болса керек. Тұп-турасына көшейік: қазақ халқының бойындағы елдік қасиеттің, ерлік өжеттіктің тамыр соғысын солқылдатқан асқақ рухтың өршілдігі әріден бастау алады. Қазақ даласында айдарынан жел өсіп, төл тарихын тарландардың тұяғымен жазған батыр бабаларымыздың ерлік жолдары, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып сөйлейікші, ғажаптардың ғажабы емес пе? Қазақ хандығына ұйысқан ру – тайпалардың елдікті ерен етуге қосқан үлестері қаншама? Қазақ хандығының шаңырағын көтерген ел жұрттың болмысындағы асқақ рух, өзінің шындалған жүзін одан әрі шыңдай түсті. Үркердей, бәлкім одан да көп батырлардың қан – қасап шайқастарға қарамастан күрескен ерлік шайқастары хандықтың орнығуына, елдіктің бекемделуіне, рулық...
Толығырақ... Оқылды: 1000 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.04.2020

АҚЫН РУХЫНА ҚҰРМЕТ

Көктемде Ұлы Отан соғысында көзсіз ерлікпен қаза тапқан қаһарман ақын Абдолла Жұмағалиевтің туғанына тура жүз бес жыл толмақ. Ендеше, оның мерейтойын ел болып атап өту - кейінгі ұрпаққа парыз. Қазіргі Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінде кіндік қаны тамған Абдолладай албырт ақынның ат жалын тартып мінген күнінен бастап-ақ әдебиеттің жолына түспеуі мүмкін емес-ті. Қоңыр мектебінде бастауыш білім алып, кейін Орынборда, ел астанасы болған Қызылорда да оқуын жалғастырған жалынды жастың арманын аялап, қиялына қанат бітірген сол кезде, яғни 1932 жылы жаңадан ашылған өзіміздің Орал педагогикалық институты еді. Осы институтқа оқытушылыққа келген, кейін академик атанған Қажым Жұмалиев естелігінде: «Арықша, талдырмаш келген, қабағы тез түйіліп, тез ашылатын, қимыл, жүріс-тұрысы тез, өзінің шапшаңдығымен абайыңды аударатын үлкен көз қара бала бірінші кездескенде маған пәлендей әсер еткен жоқ», - дей келіп, Қазақстан Жазушылар одағының тапсырмасымен Оралда өзі ұйымдастырған әдеби...
Толығырақ... Оқылды: 114 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 02.04.2020

Қырымды азат ету

Біздің армияға Қырымды азат ету жауынгерлік міндеті жүктелді. Ол үшін Керчь қаласының маңына десант түсіру керек болды. Десанттың құрамына Темірғали Исабаевтың дивизиясы да кірді. Жауынгерлер күні-түні бірдей қызу дайындыққа кірісіп кетті. Десанттың әртүрлі әдіс-тәсілдерін: катерден пулеметпен қалай суға секіру керек, жартасқа қалай өрмелеп шығу керек, қай жағдайда гранатты қалай лақтырғаны дұрыс, бетпе-бет келіп қалған жауды мылтықтың дүмімен ұрып, қалайша құлатуға болады, пышақты қалайша дәл лақтыру керек екеніне дейін үйретті. Жау оғының дыбысына қарап-ақ қай жақтан, қанша жерден атып жатқанын дәл білуге дағдыландырды. Осының бәрін іс жүзінде көрсету үшін оларды кемеге мінгізіп, талай рет ашық теңізге алып шықты. Жауынгерлік тапсырманы орындауға аттанатын күн де жетті. Бұларға 35 шақырымдық Керчь бұғазын кесіп өту керек, бірақ ол оңайға соқпады. Сақадай сай отырған қорғаныс күшті фашистер кеңес жауынгерлеріне бет қарататын емес... Бірақ тұсалған жауды, біздің жауынгерлердің әдіс-...
Толығырақ... Оқылды: 215 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 19.03.2020

Әбу Насыр әл-Фараби: басшының 12 қасиеті

Ешбір жанға бағынбайтын басшы адам, міне, осындай. Ол – имам, ол – қайырымды қаланың бірінші басшысы, ол – қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы. Өз бойында туа біткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана осындай бола алады: 1. Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделгені жөн, сонда, егер осы адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденендей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады. 2. Айтылған сөзді сөйлеушінің құлағына ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алуға тиіс. 3. Естігіш және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтап, бұлардан ешнәрсені ұмытпауы шарт. 4. Әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуға міндетті. 5. Өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар, өнер-білімге құштарла...
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 21.02.2020

Орақты батыр туралы аңыздар

Бақтиярдан Шуманақ, Сырманақты, Әркімге тәңірім бере бақты. Шуманақтан Қанқожа төртеу екен, Қанқожадан туады Ер Орақты. Халқымыздың қай қаһарманын алсақ та, олардың ерліктері еліміздің ежелгі тарихымен етене байланысып жатады. Тікелей ұрпақтарының ынтасыменкөпшілік қолдап, 1995 жылы ат шаптырылып, ас берілген Әлшағырұлы Орақты батырдың да өмір жолы солай. Мейлі шежіре, мейлі аңыз, мейлі көркем шығарма немесе бір жыр-дастандардағы сарындарға құлақ түрсек, сөз еткелі отырған бабамыздың XVғасырдың ішінде туып, өмір сүріп, туған жері мен елі үшін жан аямай күрескендігін аңғарамыз. Қазақ халқының қалыптасып, хандық құру кезеңінде ғұмыр кешкен батырдың ел үшін жасаған ерліктері аз болмаған. Халық сондықтан да өзі сүйген батыр перзенті хақында сан түрлі аңызды өрбітіп жіберген. Енді соларға тоқталып өтелік. Бірінші аңыз: Әлқиса, Әзірет Сұлтан жерінде биттің қабығына қан құйған екі қу болады. Өздері қауын егіп, қақ кептіретін диқангерлеу екен. Олармен көршілес жан баласына жамандығы жоқ...
Толығырақ... Оқылды: 427 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 13.02.2020

Мұқағали Мақатаев туралы 10 дерек

1. Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты. 2. Болашақ ақын ер мінезді әжесі Тиынның тәрбиесін көріп, аңыз-ертегілермен сусындап өседі. Ол өзінің анасы Нағиманды жеңгесі сияқты қабылдап, Нақа деп атап кеткен. Мұқағалидің азат ойлы, ашық пікірлі болуына әжесінің тәрбиесі ықпал етті. 3. Мұқағали Мақатаев 14-15 жасында ақын болуға біржола бел байлап, қазақ әдебиетімен бірге әлемнің барлық классиктерін бір деммен оқып шығады. Соның ішінде Гейне, Гете, Шекспир, Данте, Бальзак, Драйзер, Гюго, Байрон, Лондон сияқты классиктерді жоғары бағалайды. 4. Ол өзінің заманындағы барлық адамның қолы жете бермейтін бірнеше оқу орнына ж...
Толығырақ... Оқылды: 282 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 11.02.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.