РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Мұқағали Мақатаев туралы 10 дерек

1. Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты. 2. Болашақ ақын ер мінезді әжесі Тиынның тәрбиесін көріп, аңыз-ертегілермен сусындап өседі. Ол өзінің анасы Нағиманды жеңгесі сияқты қабылдап, Нақа деп атап кеткен. Мұқағалидің азат ойлы, ашық пікірлі болуына әжесінің тәрбиесі ықпал етті. 3. Мұқағали Мақатаев 14-15 жасында ақын болуға біржола бел байлап, қазақ әдебиетімен бірге әлемнің барлық классиктерін бір деммен оқып шығады. Соның ішінде Гейне, Гете, Шекспир, Данте, Бальзак, Драйзер, Гюго, Байрон, Лондон сияқты классиктерді жоғары бағалайды. 4. Ол өзінің заманындағы барлық адамның қолы жете бермей...
Толығырақ... Оқылды: 170 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.02.2020

ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВТІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӨМІРІ

Әбілхан Қастеев 1904 жылы Жаркентке жақын елді мекенде дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған бала 8 жасынан байдың қойын бағып, отбасының арқасүйеріне айналады. Көп уақытын табиғат аясында өткізген баланың санасында сол кезде әдемілік пен сан алуан түстерге деген қызығушылығы оянады. Сөйтіп, қолына түскен заттардан түрлі әшекейлер жасай бастайды. Қызы Гүлдария Қастееваның айтуы бойынша, ауыл қыздары Әбілханның жасаған бұйымдарын көру үшін, мал өрістен қайтатын уақытты асыға күтеді екен. Сондай-ақ Әбілхан анасына сырмақ пен текеметке ою салуға көмектеседі екен. Біраз уақыттан кейін Әбілхан адамдардың мүсінін жасауға көшеді. Алайда мүсін жасауды ауылдастары “күнә” санап, кішкентай суретшіні “Құдайға қарсы келдің!” деп айыптайды. Кейін Әбілханның отбасы Жаркентке көшіп келеді. Ол жерде бозбала бір байдың көше тазалаушысы болып жұмыс жасайды. Бірде оның жұмыстарын фотограф байқап қалып, өзіне айтпай суретке түсіріп, Қызылордаға жібереді. Ол жақтағылар бозбаланы оқ...
Толығырақ... Оқылды: 626 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 14.01.2020

Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы-мыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкет...
Толығырақ... Оқылды: 153 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.01.2020

Ауданда "Тіл орталығы" ашылды

Желтоқсан айының 20-сы күні аудандық мәдениет үйінде "Тіл орталығы" ашылды. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі бүгінде 28 жыл толды. Осы уақыт ішінде еліміз өз шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы мемлекет болды. Мәңгілік елдің мызғымас тұрағына айналды. Елбасымыз өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынған болатын. Соның бірі әрі маңыздысы қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау болатын. Осыған байланысты, Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығымен бірге жаңа әліпбиді үйретіп, жалпы халықтың сауаты ашылуы үшін Алматы облыстық "Тіл" оқу әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Көксу аудандық филиалы ашылып, өз жұмысын бастады. Орталықтың ашылу салтанатына арнайы Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әдіскері Жеңіс Жолдыбаев қатысты. (толық нұсқасын газетіміздің №52 санынан оқи аласыздар)...
Толығырақ... Оқылды: 476 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 20.12.2019

ҚИЫН КЕЗ ЕДІ»: АЗАМАТТЫҒЫ БИІК АҚЫМБЕКОВ

Ғасырлар бойы ауыртпалық пен қиындықты еңсерген дана халқымыз әлдебір жақсы адам жайында: «Топырағына тартып туған екен», – деп жатады. Рас сөз. Азаматтың қайраткерлігі, адамгершілігі, кісілік келбеті туған топырағынан алған тәрбиемен көріктеніп, ішкен су, жұтқан ауамен ерекшелене түседі. Шаншыған шыбық өніп кететін Жетісу жерінде оның мысалы көптеп табылады. Ертедегі жаугершілік заманда елдің амандығы, өскелең ұрпақтың болашағы үшін жан қиған батыр бабаларымыздың әрқайсысы соған дәлел. Ерекшелеп айтар болсақ, Жалайырдан Балпық би мен Қабылиса жырау, Орақ батыр мен Ескелді би, Шапыраштыдан Наурызбай мен Қарасай, Албаннан Ханкелді мен Райымбек, Суаннан Елтінді батыр, Сатай-Бөлек батырлар, Дулаттан Қапал батыр, Арғыннан Малайсары, Қаракерейден Қабанбай сынды батырлар мен билер ұшқан құстың қанаты талар, ұлан-байтақ өлкені бізге аманаттап қалдырды. Олардың бәрі де жауға шапса батыр, елге шықса сөзі дуалы би-шешен, жас ұрпаққа терең ілім мен білім берген ұстаз қызметін а...
Толығырақ... Оқылды: 228 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 20.12.2019

КЕМЕҢГЕР ЖАЗУШЫ - ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ

Қазақ халқының кемеңгер жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда кезінде шетте қалған аудандардың бірі болған Маңғыстау топырағында дүниеге келді. Қазақтың «Абыз ағасы» атанған ӘбішКекілбайұлы шаруашылығы да, экономикасы да артта қалған, жолсыз, көп жаңалық жете бермейтін, хабарлама айлап келетін жерде туып, өсті. Соған байланысты жазушы бірінші кезекте өзі өскен ортада, түбекте жаңарту болса екен деп армандады. Сөйтіп, геолог болуға құмартты. Себебі, ол кезде геологтар Маңғыстауды көп кезіп, жүретін. Жас Әбіш те соларға еріп, біраз сергелдеңге түскен. Болашақ жазушы әдебиетті де жақсы көргді, мектепте оқып жүрген кезінде аздап өлең жазған. Бірақ, ешқашан әдебиетші боламын деп армандаған жоқ. 1957 жылы Мәскеуде дүниежүзілік жастар фестифалі болды. Соған байланысты облыстарда да фестифальдер өтті. Сөйтіп, Гурьев облыстық фестифаліне қатысуға 10 сыныпта оқып жүрген Кекілбаев та ша...
Толығырақ... Оқылды: 228 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.12.2019

Енеге айтуға болмайтын сөздер

Оған байқамай мына сөздерді айтып қойсаңыз, жүрегіне жақын қабылдауы мүмкін. Енеңізбен құрбылар секілді жақын қарым-қатынаста болсаңыз да, оның алдында өзіңізді тым еркін ұстауға болмайды. Оған байқамай мына сөздерді айтып қойсаңыз, жүрегіне жақын қабылдауы мүмкін. «Сіздің балаңыз – мамасының баласы» Сіз бұл сөзді мүмкін жай қалжың ретінде айтқан да боларсыз. Оған еріңіздің өзі ренжіп қалады. Ал енеңізге бұл «сіз жақсы ана бола алмадыңыз», «оны дұрыс тәрбиелей алмадыңыз» деген секілді естілуі мүмкін. Бір сөзді түрлі интонациямен, түрлі оймен айтуға болады, ал оны естіп, қабылдаған адамның ойы тіпті сан-саққа кетеді. Егер шынында да осылай ойлайтын болсаңыз, бұл тақырыптан айналып өтіп кетуге тырысыңыз. Барлық жайдан жақсылық көруге болады. Шынында азаматыңыздың анасымен қарым-қатынасы тым жақын болса, ертең балаларым да мені осылай сыйлайды деп қабылдаңыз. Мұндай қатынасқа әкесіз өсу, әкенің мейірімі аздығы секілді түрлі тағдыр себеп...
Толығырақ... Оқылды: 169 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.12.2019

28 қазан - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні

XX ғасырдың арпалыс заманында қазақ әдебиетінің ашық аспанында жарк етіп көрініп, жалт етіп ұшып түскен жарық жұлдыздарының бірі. Жоқшылықта өсіп, қиыншылықты көп көрген, нәтижесінде тіршілік-өмірден көргенін ақынның соңында қалдырған ұлан-ғайыр әдеби мұрасы оны қазақ әдебиетінің классиктері катарына косты. Күрмеуі қиын қысталаң заманда небәрі жиырма жеті-ақ жыл ғұмыр кешкен ақынның осыншама еңбек калдыруы, шығармаларындағы ұлтжандылық рухтың күштілігі, ұлтының бақытты болашағы жолындағы қайтпас күрескерлігі, азаматтық арының биіктігі, дарынының даркандығы таң қалдырады. Сұлтанмахмұттың өлеңдерін, поэмаларын, романдарын, публицистикалық мақалаларын оқып отырғанда кей-кейде тұтас бір қазақ деген халыктың бар тауқыметін қаршадай акынның бір өзі ғана қабырғасы қайыса көтеріп, бар ауыртпалык бір басына түскендей әсерде қаласыз. Иә, Сұлтанмахмұт Торайғыров — туған халқының көрікті келешегі үшін сырлы сөзімен де, баянды ісімен де барынша күрескен, «елім» деп еңіреп өткен ар...
Толығырақ... Оқылды: 576 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.10.2019

23 қазанда қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова дүниеге келді

97 жыл бұрын (1922-1943) Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Жиенғалиқызы МӘМЕТОВА дүниеге келген. Орал облысының Орда ауданындағы Жасқұс ауылында туған. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүктің балалық шағы Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өтті. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мектепті бітіріп, медициналық рабфакта, Алматы медициналық институтында оқыды. 1942 ж. тамызда өз еркімен сұранып, Қызыл Армия қатарына алынды. Алғашында штаб песірі, кейіннен дала госпиталінде медбике болды. Институтта оқып жүргенде мергендікке үйренген Мәншүк бос кезінде «Максим» пулеметінің құрылысын зерттеді. Өзі сұранып, атқыштар дивизиясына қосылып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. 1943 жылғы 15 қазанда Калинин майданының әскерлері құрамында Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһарман...
Толығырақ... Оқылды: 313 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 23.10.2019

Орбұлақ шайқасы

Орбұлақ шайқасы: Тарихи қойылым тамашалағандарға ұрыс алаңында қалғандай әсер берді Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы мен Алтын орданың 750 жылдығы аясында Талдықорған атшабарында Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы сахналанды. Ашық алаңда шайқасты жаңғыртуға 1 500 адам тартылды. Жоңғар шапқыншылығындағы Орбұлақ шайқасы қазақ батырларының ерлігімен тарихта қалды. Оқиға 1643 жылы Жоңғар Алатауы бөктерінде Орбұлақ сайында болған. Жоңғарлардың 50 мың қолына қарсы Жәңгір хан бастаған қазақты небәрі 600 сарбазы тойтарыс беріп, Самарқаннан Жалаңтөс батыры қалың қолымен жеткенше жауды ұстап тұрған. Бұл шайқас қазақ батырларының алғаш мылтық атып, түрлі әдіс-айлалар қолдануымен ерекшеленді. Жауынгерлер терең ор қазып, бетін жауып, жоңғарларды сол жерге құлатқан. Садақшылар жасағы біраз жоңғарды улы жебелерімен жер жастандырады. Одан қалған жауды «сасықтеке» шөбінен дайындалған улы түтінмен улайды. Қазақ сар...
Толығырақ... Оқылды: 219 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 21.10.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.