РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Көксу ауданында Балпық бидің 325 жылдығы аталып өтті

Биыл Балпық би Дербісәліұлының туғанына 325 жыл. Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауға қол бастап, ел арасындағы дауда сөз бастаған шешен, әулие болған бидің рухына көксулықтар құран бағыштап, тағзым етті. Жетісу өңірінде өмір сүріп, өз заманының шешені болған, әрі көсем, әрі би, әрі қол бастаушы батыр Балпық бидің ерлігін ұрпаққа өнеге етуді парыз санаған көксулықтар бидің 325 жылдық мерей тойын дүбірлетіп тойлауға кірісті. Атаулы датаны тойлау "Балпық баба ізімен" тарихи -танымдық экспедициялар, ғылыми- тәжірибелік конференциялар, көне орындарға ғылыми экспедиция, ғылым қайраткерлерінен құралған тағзым ету сапары, көшпелі батырлар қару жарақ көрмесі көрсетілімімен басталды. Сонымен қатар, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен «Байтақ елдің Балпығы» атты кітап та жарыққа шыққан. «Дала данышпаны» атанған Балпық бидің 325 жылдық мерейтойына орай жарық көрген бұл кітапта Ескелді, Балпы...
Толығырақ... Оқылды: 255 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 18.10.2019

Жылқылар туралы 11 қызықты дерек

Жылқы - адамзат тарихындағы ең маңызды рөлге ие жануар. Жылқылар әрқашан адамдар үшін адал көмекшілер мен дос болды. Жылқы болмаса адамзаттың қазір қандай күйде болатынын елестету қиын. Алғашқы жылқылар иттің бойымен бірдей болған: Жылқылар туралы 11 қызықты дерек Технологиялық прогресс жылқылардың орнын басқанмен, жылқыдан асқан жаратылыстарға ойлап таба алмайды. Жылқылар туралы қызықты деректер: Сену қиын, бірақ алғашқы жылқылар орташа иттің мөлшеріндей болған және елу миллион жыл бұрын біздің планетаны қамтыған тығыз ормандарда өмір сүрген. Қалай дегенде де, ғалымдар қазба табылған заттарға сүйене отырып,. әлемде адамзаттың жылқыны алғаш Қазақстан территориясында мінгенін зерттеді. Әлемдегі ең кішкентай жылқының бойы небәрі 44 жарым сантиметрді құрады. Жылқының орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 25-30 жыл. Жылқылар адам дауысына қарап, көңіл-күйін біле алады. Аттың тұяқтарының екінші функциясы - ат жерге мінгенде қан тамырларын сорып алатын сорғы есебінде. Жиырмадан а...
Толығырақ... Оқылды: 243 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 18.10.2019

15 қазан Әбу Сәрсенбаевтың туған күні

Әбу Сәрсенбаев 1905 жылы 15 қазанда қазіргі Атырау облысы Құрманғазы (Теңіз) ауданы Мақаш ауылдық округінің Алға ауылында дүниеге келген. 1929 жылы Астрахань кеңестік партия мектебін бітіріп, 1932-1934 жылдары Алматыдағы Комвузда оқыған. 1934-1936 жылдары «Түрксіб» газетінде редактор, 1936-1942 жылдары Қазақтың мемлекеттік баспасын басқарды. 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1953 жылдар аралығында Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының директоры болды. Әдебиетке 1930 жылдардың орта тұсында келді. «Еділ толқыны» (1937), «Жүрек сыйы» (1938), «Ант» (1939), «Ақша бұлт» (1947) жыр жинақтары оның ақындық қарымын танытса, «Туған өлке» (1948), «Махаббат жыры» (1949), «Отан таңы» атты кітаптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы еңбек қаһармандарының бейнесін жасауға арналған. Оның прозалық шығармаларының ішінде Каспий теңізш...
Толығырақ... Оқылды: 229 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 15.10.2019

Бүгін 15 қазан Сәкен Сейфуллин: Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысының туған күні

Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург Сәкен Сайфуллин қиындыққа толы өмірінде артына өшпес асыл мұра қалдырып кетті. Қазақтың біртуар ұлының қолынан «Өткен күндер», «Бақыт жолында», «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқындары», «Көкшетау», «Альбатрос», «Қызыл ат», «Социалистан», «Жер қазғандар», «Қызыл сұңқарлар», «Ақсақ киік», «Ананың хаты», «Бурабай», «Біз», «Біздің жақта», «Қырда», «Тергеген болсаң айтайын», «Орман» атты үздік туындылар туды. Ал, 1936 жылдың мамыр айында КСРО Жоғарғы атқару комитеттінің жарлығы бойынша Сәкен Сейфуллин қазақ жазушыларының ішіндегі тұңғышы болып, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталады. Көзі тірі кезінде-ақ, қазақ әдебиетінің классигі атанып, көшелер мен ауылдар...
Толығырақ... Оқылды: 328 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 15.10.2019

ЖҮРЕК ТҮКПІРІНДЕГІ СЫРЛАР...

Мен асыл дініміздің құндылықтарын оқып-білгелі, уақытымның көп бөлігін «Ислам діні» жайындағы кітаптарды оқуға арнадым. Біздің сүріп отырған өміріміз ол бізге берілген сынақ. Осы сынақтан сүрінбей өтсек, жан баласы ойламаған сыйға тап боламыз. Біздер 365 күн бойына күйбең тіршіліктің қамы деп, таңның атқанын, кештің батқанын байқамай да қаламыз. Әр күніміз зулап өтіп жатыр. Бірақ, осының барлығы кім үшін? Не үшін? Осы сұрақ төңірегінде бір сәт ойланып көрдік пе? Дүниенің ләззаты мансап пен ақша ма, әлде, аяулы жар атанып, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу ме? Сіздің осы өмірдегі өркөкіректігіңіз, менмендігіңіз, барлығы тек уақытша екенін аңғардыңыз ба? Мына әдемі жүзіңіз, әсем киіміңіз барлығы тек сыртқы келбет, жарнама ғана. Шынайы өмір – қымбат көлікке отырып алып, жер жаһанды шарлау емес. Нағыз өмір – тақуалық ғұмыр. Біздер ақыреттің барын, қабір азабының рас екендігіне күмәнмен қараймыз. «Ол жаққа біреу барып келіп пе?» деп жатамыз. Осы сөзіміздің өзі бі...
Толығырақ... Оқылды: 327 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 11.10.2019

ҚҰРАН СӨЗІ – ҚАСИЕТТІ

Ата-бабаларымыздың жүріп өткен тарихына көз жүгіртсек, халық емшілігінің – тоталитарлық жүйенің солақай саясатынан, өгейлік көріп, зардап шегіп, ұлтымыздың жадынан өшіріле бастағаны жасырын емес. Көріпкелдік, жұлдызға қарап немесе жауырынмен алдыңды болжау, құмалақ ашу сияқты қасиеттер – күнәға теңеліп, қияли әрекет болып саналғаны да бәрімізге мәлім. Әйтседе, егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің таңы атқалы бергі уақытта, талай әдет-ғұрпымыз бен игі дәстүрлерімізбен қайта қауышқанымыз көңіл қуантады. Солардың қатарында осы өз қалыбын жоғалту үстіндегі «халық емшілігі» де қайта оралғаны рас. Бойына Алла тағаланың берген ерекше қасиетімен, халық емшілігінің әдіс- тәсілдерін жете меңгерген емшілердің арқасында, өмірден үміті үзілген талай жандар дерттеріне дауа тауып, болашаққа бет түзеуде. Бойына осындай ерекше қасиет дарыған, тіпті медицинаның мүмкіндігі көмектесе алмаған кейбір ауруларға шипасын беріп, қасиетті құран сүресімен, дұғамен емдеу тәсілін меңгерген,...
Толығырақ... Оқылды: 271 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.10.2019

АЖАЛДЫ ЖЕҢГЕН АБЫЗ

Түрк халықтарының ғасырлар қойнауынан сүрлеу тартқан салқар да шытырман тауарихы табиғат пен тұлғаны түйістірген түрлі құбылыстарды басынан кешіп, бүгінгі толағай белесіне көтерілді. Дәуірлер мен заманалар, қоғамдық жүйелер алмасып халықтың тағдыры тығырыққа тірелген өліара кезеңдерде алаш жұртына әманда көшбастаушы тұлғалары жол көрсетіп отырды. Түркі жұртын алып бәйтерек десек, сол бәйтеректің әрбір жапырағы бүршік атып, әрбір бұтағы қаулап өскен сайын діңі жуандап, қабығы қалыңдап, өзегіне түскен сақина саны арта берді. Толықсыған мәуелі бәйтерек лықсыған дән-дәнегін алысқа шашып отырды. Мұндай кезеңдерде санада сілкініс туады, жұрт танымы түлейді, замана тудырған толғақты сауалдарға кемеңгер даналар жауап беріп, бұл оқиғалар халықтың жадына қатталып, жан дүниесіне бедерлі із қалдырады. Бұл ретте ажалмен айқасып, өлімді өнердің құдіреті арқылы жеңуге болады деп өнеге қалыптастырып, киелі күй мен қастерлі жырдың теңдессіз құндылық екенін жария еткен Қорқыт ата түрк халықтарын ізгілі...
Толығырақ... Оқылды: 323 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.10.2019

Қайраткер Кәкімжан Қазыбаевтың 90 жылдық мерейтойы туған жерінде тойланды

Туғанына 90 жыл толған, азамат деген абыройлы атқа адал қалпында жұртшылық жадында қалған Кәкімжан Қазыбаевтың жарқын бейнесін, кісілік келбетін замандастарының, ізбасарларының, шәкірттерінің бағасы арқылы жерлестерімен жете таныстыруға мүмкіндік туды. Қайраткер-қаламгерді еске алуға арналған мерейтой салтанатына Алматыдан, Нұр-Сұлтан қаласынан қадірменді меймандар келді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ұлағатты ұстаз, Кәкімжан Қазыбаевтың асыл жары Қарабалина-Қазыбаева Орынша апайымызбен бірге келген меймандарды аудан әкімі Марат Разбеков қарсы алып, Бақалы ауылдық округіне қарасты К.Қазыбаев ауылында жерлестері әнмен шашу шашып қарсы алды. Сол күні Бақалы ауылындағы К.Қазыбаев атындағы орта мектепте қаламгерді еске алуға арналған қойылым назарға ұсынылып, мерейтой иесінің ұлы, “Алаш Медиа Груп” медиахолдингтің бас директоры Батыр Қазыбаев әкесінің атындағы мектепке естелік сыйлықтар ұсынды. М.Арын атындағы ауылдық Мәдениет үйінде кітаптар көрмесі мен мерекелік концерт...
Толығырақ... Оқылды: 215 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 03.10.2019

МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕН АШЫЛДЫ

Көксу ауданындағы Быжы стансысында теміржолшыларға арналған мемориалды кешен ашылды. Кешен стансының құрылғанына 90 жыл толуына орай аудан басшылығы, Алматы жол дистанциясының өкілдері, теміржолшылардың ұрпақтары мен жергілікті меценаттар көмегімен тұрғызылды. Онда бар ғұмырын теміржол саласына арнаған 150 қызметкердің есімі жазылған. Мемориалды кешенге гүл шоқтарын қойғаннан кейін ашылу салтанатында құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Алмас Әділ: - Теміржолда жұмыс істеу ауыр еңбек пен шыдамдылықты талап етеді. Еліміздің бүкіл өркендеу кезеңінде теміржол мен автомобиль жолдарының құрылысы тоқтаған жоқ. Өйткені көлік коммуникациясын дамытпайынша экономика өрістемейді. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан теміржол инфрақұрылымына 800 млрд. теңгеден астам инвестиция бөлініп, 1 700 шақырым жаңа теміржол салынды. Түрксіб теміржол магистралінің бір бөлігі Көксу ауданының аумағынан өтеді. Мыңдаған шақырымға созылған шойын жол талай адамға жұмыс беріп, жолаушы және жүк тасымалын үздіксіз қа...
Толығырақ... Оқылды: 238 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 02.10.2019

ҒҰМЫР КЕЗЕҢДЕРІН БІЛЕМІЗ БЕ?

Қазақтың даналығына таң қаласыз. Астраномиялық, медициналық дәлдіктерін айтпағанның өзінде ғұмыр кезеңдерін адамның болмыс-бітіміне сай жүйелеген ғой. Бірақ, ғасырлар бойы қолданыста болған ғұмыр кезеңдерін біле бермейміз-ау, осы! Неге дейсіз ғой? Бүгінде «Ел ағасы», «Ақсақал» сөзін орынсыз қолдана беретін болдық. Тіпті, «бала» деген тіркестен басқасын білмейміз. Жалпы, пенденің өмірі жатырда басталады десек, дана халқымыз ондағы өмір кезеңдеріне де атау бере білген. Мәселен, жатырда қырық күнге дейінгі қалыптасып, дамуын «Қаған» десе, мүсіндену кезеңін «Ұлпан» деген. Дүниеге шыр етіп келген сәтінде «Қызылшақа», «Шақалақ» деп атаған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Қызылшақа» – әлі өсіп жетілмеген, жаңа туған, – деген анықтама берілген. Міне, осы сөзді тиісінше қолдана алмай жүргеніміз рас. Әсіресе, ақпарат беттерінен «Бүгін пәленше «бала» туылды»...
Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 23.09.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.