РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Қазақша күрес тарихы

Қазақша күрес тарихы Күші басым түсіп, жеңіске жеткен палуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді. Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. 2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда Қазақ күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы. 2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция жә...
Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 11.09.2019

МАХАББАТ САЙЫ

Алматы - Талдықорған - Өскемен тас жолында, Мұқыры ауылының маңында Жоңғар Алатауынан 3 шақырым қашықтықта табиғи ескерткіш бар. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «Махаббат Сайы» деп атайды. Жартастың үстіне су құйылған шағын сарқырама осы шатқалға өзінің ерекше шеберлігін береді мыс... Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, «Махаббат Сайы» шатқалы қазақ хандығының сұлуы мен Жоңғар батырының сырлы махаббатын жасырады. Олар осы шатқалда толық айдың аясында құпия түрде кездесіп, мәңгілік махаббат туралы ант берген екен. Жоңғарлар мен қазақтар арасындағы шайқаста қазақ ханшайымының сүйгені қаза болды. Жоңғар батыры қайтыс болғаннан кейін, ханша осы жерге келіп, оны өмірінің соңына дейін сүйіп өтетіндігін айтып, уәде еткен екен.
Толығырақ... Оқылды: 270 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.08.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Өтірік сөз өрге баспайды Сағым ойнаған сары далада келе жатқан салт атты жолаушы екі көзі майып бір мүсәпір жанды жолықтырады да, жапан далаға тастап кетуге обалсынып, артына мінгестіріп алады, Мінгесіп-ұштасқан екеу аз жүрді ме, көп жүрді ме, оны бір құдайдың өзі біледі, әйтеуір бір кезде Балпық бидің ауылына жетеді. Тамақ жеп-тойып, шәй ішіп шөлін қандырып алған жолаушы: - Ал енді, қош сау болып тұрыңыз. Ел ішіне іліндіңіз ғой, - деп жинала бергенде, әлгі жазған адамның сай сүйегін сырқырата зарлап: - Ойбай, мынау менің кәріптігімді пайдаланып, атымды алып барады!-деп ботадай боздап, зар еңіреп қоя береді. - Жалған айтады, ат өзімдікі,-дейді атты жолаушы азар да безер болып. Ауылына келіп дау шығарған екеуінің ақ-қарасын айыру үшін би екеуін екі бөлек қаматады да, сыртынан білдірмей бақылау қойдырады.Сөйтсе, көзі майып: - Соқыр қылды бір істі, Алла оңғарсын бұл істі!-деп әндетеді де, екіншісі: - О,жаратқан мұсылманның қайыры жеткені ме басына. Ендігәрі жоламаспын, соқыр...
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.08.2019

Балпық баба өсиеттерінің өміршеңдігі

Қазақтың тұңғыш тарихшысы, қарасөз жанрының, қазақ романының негізін қалаушы Қадырғали Жалайыри бабамыз өз дәуірінде «Кім көпті біліп, көңіліне түйсе, дәулеті артар, игілік оған жар болар, бейнеттен кетіп, зейнетке жетер» деген екен. Ендеше, ел, жер тарихын, туған өлке болмыс-бітімін, дана – билерін білгенге не жетсін. Тіпті, бүгінгі күніміздің өзі ертең қатпар-қатпар тарихқа айналады. Өз ерін, өз ұлдары ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді, - деп Ілияс ақын жырлағандай, қазақ халқында даналар да, билер де өмір сүрген. Олар өздерінің даналық сөздерімен елдің ұйытқысы болып, елді татулыққа, бірлікке, ынтымаққа шақырып отырған. Қазақ халқында сөз бастаған даналар аз болмаған, олардың ел басқару ісіне, ел тағдыры мен жер тағдырына қатысты әділ шешімдері мен нақыл сөздері ұрпақтан-ұрпаққа өсиет болып жалғасып келеді. Атап айтсақ, Ескелді, Қабылиса, Балпық бабаларымыздың заманы қазақ халқының басына қара бұлттың үйірілген кезеңі болатын. Сол кезде олар түн ұйқы...
Толығырақ... Оқылды: 981 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 23.08.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Жоғалып, табылған боқша Бапекеңнің бәйбішесі - Тәтенсары ботпай елінің қызы екен. Өзі десе дегендей - ақ ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу, сәнқой болса керек. Соған орай ел оны кейде – Кербез, кейде- Сұлушаш деп те атапты. Қай жердегі тойға кетіп бара жатса да опа, далап, айна,тарақ, сүрмелерін салатын боқшасын қанжығасынан тастамайды екен. Бір тойға барған жерде әлгісін ұрлатып алыпты. Үйге келген бойда ерке бәйбіше Бапекеңе тиісіп, «Сені жұрт сыйлауды қойған-ау , сірә. Сыйласа сөйтер ме еді? Менің боқшамды ұрлаулары - сайып келгенде мұқатулары ғой» деп болмапты. Әбден құлағы сарсыған әулие Қарымбайға кісі жұмсап шақыртып алыпты. - Қарағым, Қарымбай! Халыққа қадірің болмайды екен, бетіңді көреді. Қатынға қадірің болмайды екен, етіңді көреді. Батамды берейін, мынаның боқшасын тауып әкеп берші?!-депті Содан Қарымбай сұрау салып, жолға шықсын. Ай жүреді, жыл жүреді. Ақыры ізіне түсіп, арғын ішіндегі тобықты Өскенбайдың ауылына жетеді. Айғақ, куә табылған соң...
Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 23.08.2019

АРМАН СУ

Бұл «Арман су» су қоймасы. Алғабас ауылдық округі Қызылтоған ауылында орналасқан. «Арман-су» минералды көзі жергілікті тұрғындарға асқазан-ішек жолын емдеу және сыртқа тұтыну үшін емдік су ретінде қолданылады. Судың температурасы 20 C-тан аз, бұл ішкі температураны көрсетеді. Ауруды толық емдеу жағдайлары: асқазан жарасы, тері дерматиті. Аңыз әңгімелерге сенсек, «Арман - су» емдік көзі болып табылады. Жергілікті көзқарас бойынша, бұл бастауды ақ киімді ескі адам қорғайды. Әр ай сайын толық айда осы көктемнің рухы ақсақалдың дұғасынан күшейеді. Сол себепті де, жергілікті тұрғындар үшін бұл қасиетті жер болып саналады.
Толығырақ... Оқылды: 347 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.08.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Бапекеңнің батыл інісіне сүйсінуі Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзіліп жатқан отамалының уағы болса керек. Терістіктен күн-түнімен сұңқылдай соққан қара суық тыйылмай қойыпты. Малдан да, малшыдан да күй кетіп, ел күйзеле бастапты. Сарыбұлақтың күнгей бетіндегі қыстауында отырған Бапекеңнің ауылына қырғыздың атақты батырларының бірі - Қанай бір топ жолдастарымен келіп, ағайынды екі елдің ауызбірлігі, ел тыныштығы жайында әңгімелесіп отырыпты. Қаншама жолдастарымен қона жатып, ертеңгі шайларын ішіп отырғанда Таймөңкеден шыққан жас берен Қарабейбіт деген келе қалыпты. Бапекең сирек келетін қонақтарына алты қанат ақ үй тіктіріп, мал сойдыртып, астарына қалыңдатып көрпе салдыртып, от жақтырып, әңгіме-дүкен құрып отырса керек. Тыстағы қара суықтың арты қарға ұласып, ауа райы тіптен бұзыла түсіпті. «Ащының дәмін татқан біледі» дегендей, қазан-ошақтың жайымен тысқа жиі шығып жүрген Бапекеңнің бәйбішесі-Тәтенсары «Алла тағала қаһарына алды білем, қара суыққа қар араласып,...
Толығырақ... Оқылды: 483 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.08.2019

АУЫЛ КЕШІ КӨҢІЛДІ

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүруүшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деген болатын. Бәрімізге белгілі, ауыл – рухани жаңғырудың қайнар бұлағы. Ауыл – халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, ұлттық рухтың қуат алар бұлақ көзі. Осыған орай, Мұқыры ауылының «Жастар» саябағында Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ауыл кеші көңілді» атты мерекелік іс-шараның тұсауы кесілді. Мерекелік кеште ауылдың көптеген жас өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Алғашқы құттықтау сөзін аудандық Мәдениет үйінің директоры Ермек Қыстаубаев сөйлеп, бұл шараның мақсаты – ауыл халқының жазғы демалысын тиімді пайдалану екендігін және ауыл-ауылдарда осындай іс-шараның өтетінін айтып жеткізді. Концерт соңында ауылдың беделді ақсақалы ақ тілегін білдіріп, б...
Толығырақ... Оқылды: 428 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.08.2019

АДАМ - БОЛЫС ЕСКЕРТКІШІ

Бұл ескерткіш Көксу ауданы, Мәулімбай ауылында орналасқан. Шамамен 19 ғасырда салынған. Біз археологтардың терең зерттеу жұмыстарын қажет деп санаймыз, өйткені бұл ескерткіш ежелгі елді мекеннің ортағасырлық күйреген жерлерінде орналасқан. Нақтылайтын болсақ, Мұсабек ауылдық округі Мұсабек пен Жеңіс ауылдары жолынан 13 шақырым жерде орналасқан. Желсіз далада, барлық бағыттардан ерекшеленетін Адам Болыстың кесенесі алыс қашықтықта. Мазар кез-келген адамды сәулет құрылымы ретінде таңдандырады. Қабырғалары кірпіштен көтеріліп, мазарға дейін есік төмен орналасқан. Аңыз әңгімелерге сүйенсек, Адам Болыс 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында тұрғанды - мыс. Ол Күшік әулетінің сұлтаны болған, қазақ халқының қиын кезеңдерінде 1000-нан астам отбасыларын басқарған, оның басшылығымен көптеген халықтың әкімшілік, жеке мәселелері шешілген. Адам Болыс 1920 жылы 45 жасында қайтыс болады, ризашылық танытқан жерлестері 1935 жылы ұлы адамның құрметіне кесене салады. Осылайша, халқына сүйеу болған...
Толығырақ... Оқылды: 270 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.08.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Тіленші қазы – Бапекеңнің тұңғышы Балпық әулиенің құдайдан сұрап алған бірінші баласы, яғни тұла бойы тұңғышы – Тіленші, екінші ұлы – Әлдеке екен. Тіленші жастайынан-ақ алғыр, пысық, елгезек болып өскен. Оның әке батасын алуына мұқым жалайыр елінің бетке ұстар беделді адамдары себепкер болған. Ол уақиғаның шет-жағасы былай айтылады: Әрі әулие, әрі би – Деріпсалыұлы Балпық үйінің төрін ешкімге бермеген, өзінің мөрін ұстатпаған адам екен. Күндердің күнінде жалайыр жұртының игі жақсылары бұл кісінің үйіне келіп түстеніпті. Тамақ ішілген соң дәстүр бойынша бұйымтай сұралынады. Қонақтардың ішіндегі, аузы дуалы, адуындылардың бірі: -Е, Бапекең, осы отырғандарымыздың бір-ақ ауыз бұйымтайымыз бар. Ұлықсат болса айталық,- дейді. Айтындар, шырақтарым!-дейді би. Сіздің жасыңыз болса келді. Халқымызда «Ат тұяғын тай басар» деген бар емес пе? Төрт көзіміз түгел болып, ортамызда өзіңіз отырғанда сіздің билігіңізді екі ұлыңыздың бірінен көргіміз келеді. &laq...
Толығырақ... Оқылды: 430 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.08.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.