РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

РУХАНИ КЕЗДЕСУ

Тамылжыған тамыз айының алғашқы күні жағымды да жақсы естеліктермен есте қалды. Себебі, аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен киелі жерімізге рухани байлықтың кемеңгерлері, білім бұлағының суынан қанып ішкен, ордалы ошақтардың нар тұлғалы профессорлары келіп, округтерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Іссапардағы мақсат - Елбасының Жолдауын, ел тарихына арнаған түрлі бағдарламаларын, «5 әлеуметтік бастамасы» мен «Мәңгілік ел идеясын» түсіндіру. Алдымен, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақыл сөзді әрдайым мадақ етіп жүретін Зылиха Тамшыбай ауылына бұрылып, ауыл кітапханасында әдемі әңгіме өрбітті. Қазақ халқында «Бір ағашта мың бұтақ, біреуі-ақ оның қамшыға сап» деген ұзақ ғасырлар етсе де елмейтін, өшпейтін өнегелі тәмсіл бар. Осы сөз алыстан ат терлетіп келіп отырған ардақты жандарға нақ айтылған-ды. Бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Бейсен...
Толығырақ... Оқылды: 424 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.08.2019

Буккроссинг

Алғабас ауылдық Мәдениет үйінің ауласында кітапханашы Венера Қонысбаеваның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Буккроссинг акциясы өткізілді. «Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітап айналыста жүру» деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш ойлап тапқан Американдық ғалым Рон Хорнбекер екен. Бұл шараның мақсаты - оқырмандарға кітапханадағы кітап қорын байыта отырып, өзара кітап алмасу, сонымен қатар, кітап оқуды насихаттау,оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани мәдениетті көтеру мақсатында атқарылған іс шарасы. Шара барысында «Кітап – ең асыл қазына, рухани байлық» атты кітап алмасу ойыны оқырмандар назарына ұсынылды.
Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.08.2019

Діннің қазіргі әлемге ықпалы

Дін – ерте замандардан бері-ақ адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Түрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әртүрлі деңгейде пісіп-жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі еді. Адамзат тарихында бастан кешкен түрлі формациялар мен кезеңдерде діннің де формалары өзгеріп, халыққа қызмет етудегі рөлін жоғалтпай сақтап отырды. Адамзат баласы – ақыл-парасаттың, ғұлама ойдың және өзге де игіліктердің иесі. Ал, осы игіліктерге ие етіп тұрған – Жаратушы күштің барын адам ешқашан есінен шығарған емес. Осылайша, діннің қоғам өмірімен байланыстылығы өзгермей тұрмайтын құбылыс болғанымен, адам санасына әсер ететін, наным-сенім қалыптастыратын ерекше күш екендігі мойындалды. Қоғам дегеніміз – әлеумет, яғни, адамдардың іс-әрекеттері мен бірігу формаларының жиынтығы. Міне, осы қоғамның және ондағы әлеуметтің дамуында діннің де атқарар рөлі зор. Діни функциялард...
Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 01.08.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Үшінші кездесулері Ел жайлауға көшіп жатқан кез болса керек.Мұндай да ел барын киіп, бақанын сүйретіп, сән көрінуге тырысады ғой. Түйеге артқан жүктерінің үстіне кілем жауып, Бапекеңдердің көші зор салтанатпен келе жатса, ертоқымы ескі, айыл тартпасы жоқ, төс тартпасы құр, құйысқансыз, оның үстіне киіміде жұпыны Жолбарыс әулие кезіге кетіпті. «Жарықтықтың Қожанәсірге ұқсауын қарашы» деп Бапекең мырс еткен, оны сезіп қойған әулие: Әй. Неге күлдің сен?-дейді. Жәй, әншейін,-дейді Балпық Жоқ, жалтарма сен өйтіп. Көңіліне күпірлік келіп қалды ғой. Жәрәйді, менің киімім ескі екен онда не тұр? Менің ұзынымды ұлым киді, қызылымды қызым киді. Ал, сенің жиған тергеніңді өзің кимегенде кімің киюші еді?- деп ұзап сала береді. Жанына батқан мына сөзге шыдамай, Бапекең түйелерін шөгертіп жіберіп, артылған теңдерін алмас қанжармен қиып-қиып тастады дейді. Ақылды бәйбішесі бұған бұрқанбастан: Оу, отағасы! Меніңше осы әулиенің ықыласы түсіп тұр бізге. «Алтынның қолда барда қа...
Толығырақ... Оқылды: 395 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 01.08.2019

Балпық би – ұлы бабам

Ежелгі қазақ ұғымында «қара шаңырақ» деген аса қасиетті сөз. Адамның туып-өскен үйі, әке шаңырағы ер жетіп, бөлек отау шыққан кезде «қара шаңырақ», «үлкен үй» атанады. Ағайынды жігіттердің әке-шешелері дүниеден өткенде «қара шаңыраққа» кенже бала ие болады. Кенже балаға ауысқан бұл ата-анасының түтінін түтеткен орны, киелі үй барлық ұрпақ үшін қадірлі, қасиетті орда есебінде болады. Қара шаңырақты қадірлеу – ата-баба аруағын қадірлеу болып табылады. Бұрынғы ата-бабалардың қуаты осы «үлкен үйде», «қара шаңырақта» сақталмақ. Ата – ананың басқа балаларына бөліп берген еншісінен, жасау – жабдығынан қалған барлық мал-мүлік осы «қара шаңырақта» - оған ие болып қалған кенже балада қалады. Өз кезегінде «қара шаңырақтың» иесі де аға, апа, құда – жекжаттарына әке – шешесінің атынан жол – жоралғы, сый – сыбаға беріп тұрады. Алыс – жақыннан келген ағайын ж...
Толығырақ... Оқылды: 802 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 26.07.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

«Шұбар ата»-Жолбарыспен бірінші кездесуі Жалайыр ішіндегі күшік елінен щыққан Жолбарыс әулие жетпістен асқан шағында бәйбішесі қайтыс болып, төсек жаңғыртуда ойлайды. Діттеген қызын айтып көрсе, ағайындары, «ойбай, ол әке-шешесінің оң жағында отырған қыз, сіз кәрісіз» деп азар да безер болады. Сонда Жолбарыс әулие атына мініп. Әлгі қызбен тілдесуге өзі барады. Барған бетінде: Айтшы, айналайын, мен осы кәрімін ба?-дейді. Қыз да шарапаттыма екен, кім білсін: Білмегенге кәрісіз, білгенге дәрісіз,-дейді сұрағына орай. Содан құдатүсіп қалыңын төлеп, әлгі қызға үйленеді. Сонда жетпіс пен сексен жастың аралығында Жолбарыс әулие бес перзент сүйіпті. Бір күні солардың отбасындағы ойындарына қарап, қызықтап жатса, үйіне Балпық келіпті. Бұлардың аман-саулықтан басталған әңгімелерін балалар қайта-қайта бұза берсе керек. Әрі-беріден соң түрткілеп, басынайын депті. Сол сәтте Бапекең біреуін май құйрықтан шып еткізеді ғой. Ол әлгі бесеудіңішіндегі «шыбық тисе шың...
Толығырақ... Оқылды: 424 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 26.07.2019

дарабоз ана - дана, әулие ана

1690-1770 жылдары өмір сүрген Дана ана. Бабалардың жүріп өткен жолдары, батырлығы, ел билеудегі әділдігі, қара қылды қақ жарған шешендігі, даналығы мен даралығы кімге болса да мақтаныш үлгі іспеттес. Халықтың тарихына тереңнен үңіліп, оны бүгінгі ұрпақ білсе екен деген ниет пен ой. Дарабоз ана атанып кеткен қазақ тарихындағы әйелдер арасында шешен әрі би болған Қалипа ана, кейінде Үлпілдек атанған жайлы құлағдар болған жөн. Дарабоз ана Алматы облысы, Көксу ауданының Кенарал ауылы орналасқан жерде дүниеге келген. Ұлы жүз он екі ата Жалайырдың Қарашапан руынан шыққан дана, әулие қыз. Дарабоз ана ел басына күн туған сәтте Жетісу жерінде жауға қарсы күресте ұйымдастырған Ескелді Жылкелдіұлы, Балпық Дерібсәліұлы, Қабылиса Асанұлы сынды ел басшыларына үзеңгілес серік бола білген. Ел ішіндегі даулы мәселелерді бітімгершілікпен шешіп, екі жақты жарастырып отырған тұлға. Дарабоз ана көріпкелдік қасиетімен де ерекшеленген, әйелдердің қоғамдағы орнын белгілеуге, ықпалын көтеруге де көп күш са...
Толығырақ... Оқылды: 960 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 26.07.2019

ЕСКЕРТКІШ – ТАРИХ МҰРАСЫ

Солтанбай Жәдігерұлы ХVІІ ғасырдың соңы – ХVІІІ ғасырдың ортасында өмір сүрген. Жалайыр тайпасының мырза руынан шыққан. Әулие, көріпкелдік қасиеті болған. Бақтыбай ақынның «Желқобыз» жинағында жоңғар шапқыншылығы кезінде Солтанбай батырдың Жәйнақ батырмен қатар қол бастап, қарсы шайқастарға қатысып, ерлік көрсеткені туралы жазылған. Ақын Сара да Солтанбай батырдың ерліктерін жырға қосқан. Әулие батыр Жарлыөзек өзенінің он жақ бетінде жерленген. 1991 жылы – Тәуелсіздіктің алғашқы лебі соға бастаған кезде, Қазақстанның әр жерлерінде, Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін сан ғасыр бойы, жан-жақтағы жаулармен арпалысып, соғысып азаттық үшін, қанын төккен Хас батырларын қайтадан дәріптеп, басына ескерткіш орнату үрдісі басталды. Солардың қатарында Көксу ауданы, Жарлыөзек өзенінің бойында жатқан батыр бабамыз Солтанбай батырдың жерленген жеріне ұрпақтары кесене орнату мәселесін қозғап, ауыл болып, ел-жұрт болып, бірігіп ескерткіш орнатып, 300 жыл толуына байланысты ас берг...
Толығырақ... Оқылды: 531 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 26.07.2019

КҮЙШІЛІК - КИЕЛІ ӨНЕР

...Сылдырлап кейде қамыс, кейде бұлақ, Қырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей... ...Желді аяқ, шауып тұлпар топты жарса, Саусақтар үсті-үстіне қамшылады... ...Күйші айдап көшкен елдің күйін тартып, Қошамет болса қалай болдырады. Шаңқылдап бірде аспанда тау қыраны, Күрпілдеп бірде бие саудырады. Майдалап бірде қоңыр самал соғып, Бұрқ-сарқ бірде нөсер жаудырады. Домбыра қарғылады, орғылады, Манаурап, тыңдаған жан салбырады. Бұл әйгілі Ілияс Жансүгіровтың "Күйші" поэмасынан алынған үзінді. Қазақтың қанын да, жанын да, ар-намысын да, бар болмысын да бір ауыз сөзсіз түсіндіре алатын бір құдірет болса, ол - күй! Батыста Бетховендер мен Бахтар, Моцарттар адам жанын алабұртып, керемет композициялары мен сиқырлы сонаталарын тудырып жатқанда, қазақ даласындағы Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап сияқты күйшілер домбыра шанағында күн күркіретіп, сел сіркіретіп, біресе қоңырлата жел естіріп, енді бірде мамыражай күй кештіріп, туған халқының сан ғасырлық сансыз тарих-талай...
Толығырақ... Оқылды: 446 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 17.07.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Боламын десең... Ел ішіндегі еркетотай бір жігіт Бапекеңнің қыр соңынан қалмай «айтыңызшы, ата. Мен осы қандай болсам екен?» деп жабысыпты. Жиырма бестің о жақ, бұ жағына келгенімен әлі де болса, өзінің өміріндегі жолын тауып кете алмай жүрген бұлғақ жігітке ойлы жүзбен қарған Бапекең: - Жас боламын десең, талдай бол, Жар көңілін тасытарсың. Зор боламын десең, нардай бол, Самайын талайдың қасытарсың. Тәтті боламын десең, балдай бол, Күндердің күні - түбінде Бәріміздің миымызды ашытарсың!- депті де жүріп кетіпті. «Білгенге маржан, білмеске арзан» деген сөз осы ма екен, кім білсін?! Жақсының өкпесі жібек орамал кепкенше Бірде Есекең мен Бапекең өкпелесіп қалыпты. Мұны естіген Дарабоз-Ана Қарабейбіт биді шақырып алып, «бір-біріне сездірмей, екеуінде осы жиын үстіне біздің үйге түсіргің» дейді. Өтініш орындалады. Дарабоз-Ана дереу дастарқан жайып жіберіп, алдарына жалғыз қасықпен ас қояды. Алдымен дәм татқан Есекең қасығын шалқайтып қоя...
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 15.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.