РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Болмай қалған қырғын Қалмақтың алқынған жасағы жеңіліс тауып, аман құтылған қолы тоз-тоз болып кеткен еді. Аз уақыт соғыс-сойқанның толас тапқан шағында қалмақ ханы қайта бас көтереді. Бұл жолы жасағын аттандырмай, жіңішке жолмен келіп, себізгілетіп сөзін жеткізеді. Көңілі Төле бидің ақ мандай, сүйрік саусақ, сұлу қызы Мәмилаға ауған екен. Әуелгіде жолы болмай, маңдайы тасқа тиген екен де, ендігі жерде « берсе қолынан, бермесе - жолынан» - деп сес семсерін суырмақ болады. Мұндайдағы тоқтам сөз, әрине, Төле бидікі еді. Істің ақыры не боларын ойлап, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалған Балпық би бір қияннан желе жортып, Төле ағасының ауылына келеді.Түн қатып келе қалғаны қандай жақсы болған. Ел жақсылары ақ шаңқан үйдің шанырағын көтеріп, ажарландырып жіберіпті. Төле ағаның оң тізесін баса отырған Ескелді биді, одан беріректе жайғасқан Қоғал әулиені көріп, іші жылынып, қуанып қалады. - Қыз менікі, бауыр - сендердікі. Мен бір адаммын, сендер көпсіңдер, көпшілік айтсын түй...
Толығырақ... Оқылды: 329 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 10.07.2019

ҚЫРАН – ҒҰМЫР

(Батыржан Оңғаровтың 60 жылдығына арналады) Бұрынғы Қазақстан ЛКЖО Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Талдықорған облыстық Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары Батыржан Нұрбекұлы Оңғаров 34 жасқа қараған шағында көлік апатынан қазаға ұшырады. Оңғаров Батыржан Нұрбекұлы 1959 жылғы 1 - мамырда Талдықорған облысына қарасты Киров ауданындағы Алғабас колхозында дүниеге келген. Мектепті тәмамдағаннан кейін Жамбыл автотранспорт кәсіпорнында слесарь болып еңбек етті. 1977 жылы Алматы энергетика институтына түсіп, 1982 жылы оны инженер - электрик мамандығы бойынша бітіріп шықты. Институтты тәмамдағаннан соң, инженер - маман ретінде «КазгорСтройпроэкт» бас мемлекеттік жобалау институтының филиалына жолдамамен жұмысқа жіберілді. 1982 жылы Кеңес Армиясы қатарына әскери қызметке алынды. Әскерден оралған соң, 1984 жылдың мамырынан «КазгорСтройпроэкт» Бас мемлекеттік жобалау институтының Талдықорғандағы филиалы...
Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.07.2019

ТАЛАНТТЫҢ ТАЛҚАНЫ

Тамақтың бабын қазақтай жасаған халық жоқ шығар? Сондықтан да болар, оның жасалу технологиясын қатаң сақтай білгендіктен, халқымыздың ұлттық тағамдарының қайсысы болмасын аса дәмді, денсаулыққа пайдалы. Алайда, біздің ұлттық тағамдарымыз бен оларды жасау технологиясы арнайы зерттеуді қажет етеді. Бүгінде ұлттық дастарханымызда орын алатын тағам түрлері көп. Солардың бірі - тары мен талқан. Тары-талқан атамыздың асы десек, артық болмас. Себебі, осы бір дәнді дақылдың тарихы тым әріде жатыр. Қазақ фольклорында бұл тағам түрі ауызға көп алынады. Мәселен, «Ертөстік» ертегісінде батырдың алыс сапарына анасы арнайы тары қуырып береді. Тары сабанының азықтық сапасы бидай сабанынан екі есе артық екендігін ескерсек, 1 келі тары сабанында 0,41 азықтық өлшем, 23 грамм сіңімді протеин болады. Ғалымдардың пайымдауынша тары адам бойына күш-қуат беріп, иммундық жүйені жақсартуға септігін тигізеді. Құрамындағы дәрумендер бауыр, бүйрек жұмысын жақсартып, қан қысымын реттейді екен. Бірақ, о...
Толығырақ... Оқылды: 378 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.07.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Кеш сұралған кешірім Бейбіт би қаратілді асқан шешен адам болған екен. Бір жерде Балпық бидің билігін бұзып жіберіпті. Оған ашуланған Балпық әулие сұқ саусағымен нұсқап тұрып: - Аттым сені! - деп қаһар төккен екен. Бейбіт сол заматта мұрттай ұшып, ауырып қалыпты. Халі мүшкілдене түскен Бейбіт ауылынан бір адамды дереу атқа мінгізіп, «менің атымнан кешірім сұрап кел» деп Бапекеңе жұмсапты. Әділ билігін тәрк етіп, аяққа басқан бауырына ашуы тарқамаған ол: - Тағы да аттым! - деп ақырып жіберіпті. Бейбіттің халі тіптен төмендейді. Бұл дүниеден күдерін үзе бастаған Бейбіт жандармен тілге келіп: - Ағайын өкпеге қиса да, өлімге қиюшы ма еді? Ағаның бұл не қылғаны. Тым болмаса, бір көрінсінші, бақұлдасып кетейін? - деп тағы да сәлем айтып, кісі шаптырыпты. Бапекеңнің бәйбішесі: - «Ештен кеш жақсы» демеуші ме еді бұрынғылар, ағаттығын түсініп, «ағалап» жатыр ғой, барсаңшы! - деп өтініп қоймапты. Мұны ауылдастары да құптау сыңай танытып тұрған соң, Б...
Толығырақ... Оқылды: 323 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.07.2019

КӘСІБІ ДЕ, НӘСІБІ ДЕ - ДОМБЫРА

Алғабас ауылының тұрғыны Берікжан арғы атадан мирас болып келе жатқан қасиетті домбыра жасаушы. Берікжан мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ ағаштардан түрлі бұйымдарды ойып жасай бастайды. Осыдан бас¬тап қолөнерге қатты қызыққан. «Әке көрген оқ жонар» демекші, әкесінің шеберханасына жиі бас сұғатын ол ағаш шебері болуды армандайды. «Домбыра - қазақтың жан жолдасы. Атақты Қадыр ақын: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп керемет айтып өткен. Ұлтымыздың бүкіл болмысы мен жан-дүниесін домбыраның сазды әуенімен әлемге таныта білу - қазаққа ғана тән өнер. Ал, осы аспаптың өзіне тән қасиеті ғажап. Қазақ халқы ежелден домбыраны бабына сай ағаштан ойып жасаған. Себебі, нағыз һас шеберлердің қолынан шыққан домбыра ғана дұрыс үн шығарады». Тарихымызды қос ішегіне сыйдырған ұлы аспапты киелі санап, қастерлеп, төрге іліп қоятын қазақ халқы көп пернелі домбырамен әуелетіп ән де, күмбірлетіп күй де шырқаған. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Н...
Толығырақ... Оқылды: 348 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.06.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Бапекеңнің бір батасы Қабан әулие, Ескелді би, Балпық үшеуі жиі кездесіп, дәмдес, дастарқандас бола береді екен. Сондай кездесулердің бірінде алдыңғы екеуі «Батаны, сен жаса!», «Жоқ, сіз, жасаңыз!» деп ілтипаттасып қалыпты. Есекеңнің айтатыны, Қабекеңнің жасының үлкендігі, Қабекеңнің сылтауы мүрдесінің ел шетінде қойылатындығы болса керек. Сол сәтте Бапекең: - Әумин десеңіздер, мінеки, бата, Қолдасын Ғайып-Ерен, Қырық-шілтен, Қызыр - ата. Құдай ағаларымды аман қылсын, Артынан ерген інілерін дана қылсын, Әумин! - деп екеуін де мырс еткізіпті. Үш әулиенің ықыластануы Ескелді би, Балпық би және Райымбек батыр - үшеуі жол үстінде келе жатады. Күн ұясына қонуға айналады. - Кеш батты. Енді қайда барамыз, анау балалар ойнап жүрген ауылға бұрылып, сонда барып қонайық, - дейді Ескелді би ақыл салып. Батыр мен Би бұған қарсы болмады. Жол үстінде ойнап жүрген он үш-он төрт жасар бала: - Ассалаумағалейкум! - деп жолаушыларға елпілдеп сәлем береді. - Ал, б...
Толығырақ... Оқылды: 422 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.06.2019

«ҚҰТТЫ БІЛІКТЕГІ» ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ

«Құтты білік» (Құтадғұ біліг) – әлемдік өркениеттен ерекше орын алатын, түрік тектес халықтарға ортақ классикалық шығарма. Ертеде бұл шығарманы ирандықтар «Тұран шахнамасы» десе, шын жұрты «Хандардың әдеп-қағидалары» деп атаған, ал машындықтар «Мемлекет дәстүрі» деп ат қойып, айдар тақса, күллі шығыс елдеріне «Өмір зейнеті», «Падишаға насихат» деген атаулармен белгілі болады. Соншалықты бүкіл дүниежүзі ынтық боларлықтай, төрткүл дүниеге таныларлықтай бұл қандай еңбек?! Этико-философиялық, парасат пен ақыл-ой сұлулығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген кітапты барша жұрт ұлылықтың негізі деп білсе керек. Онда жар таңдау, бала тәрбиесі, ақыл-білім, тіл ұстарту, мемлекет басқару және тағы басқа толып жатқан мәселелер жырланған. Шығармада елге қызмет ету, ұлтты сүю, салт-дәстүрді құрметтеу тәрізді мәселелер айырықша орын алады. Қазақстанда шығарманы қазақ тіліне аударғандардың бірі – академик Ә.Құрышжанов болса, е...
Толығырақ... Оқылды: 498 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 17.06.2019

ӘН - КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ МА ӘЛДЕ МАЗАҒЫ МА?

Халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі-ән өнері, әншілік дәстүр. Данышпан Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» - деген өлең жолдары қазақ өнерінің бар болмысын айқын көрсетеді. Қазақтың аса бай ән өнерін дамытуға кезінде Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Әсет, Естай, Дәнеш, Мәдениет, Жәнібек әнші- сазгерлері өлшеусіз үлес қосты. Тамаша дәстүрлі ән өнерінің шоқтығын биіктетіп дамытушы, өнерпаз, әнші-сазгерлердің орны ерекше. Ежелден бері атадан балаға мұра болып, сан ғасырлық тарих қойнауынан өтіп, бүгінде жоғалмай, өлмей осы күнге жеткен асыл қазынамызды, біз де ары қарай өсіп келе жатқан ұрпаққа мұра қылып жеткізуіміз керек. Бұл біздің жер бетінде қазақтай елдің өмір сүретінінің айқын дәлелі. «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», – бұл тұңғыш президентіміздің Қазақстан халқына...
Толығырақ... Оқылды: 337 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 14.06.2019

Туған өлкем «Балпық би» есімінен аталады...

«Ақылды елді оздырады, Ақылсыз өзін-өзі тоздырады». Балпық би (1705–1780) – әулие, би, ел басқарған көсем, қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен. Балпық әулиенің ел басқарған қоғамдық қызметі дұшпаннан тепкі көрген елін сонау Сырдың бойынан Жетісуға қайта қоныс аудару тұсында ерекше байқалды. «Кімнің батыр екенін жау келгенде білерсің, кімнің шешен екенін дау келгенде білерсің» деген қанатты сөздер Балпық би атамыздан қалып осы күнге жетіп отыр. Түсінген адамға осы бір сөздің астарында қаншама ой жатыр десеңізші. Он екі ата Жалайырдың ішіндегі біртуар тұлға Балпық атамыз сонау қиын- қыстау заманда үзеңгілес досы Ескелді би және Қабан жыраумен бірге халқын жаудан қорғап, елін қырылып кетуден сақтады. Балпық би атамыздың данышпандығы мен көрегендігі өз алдына, ол кісінің әулиелігі жайында әңгімелер ел арасында көптеп таралған. Аңырақай шайқасына, Аягөз бойындағы Таскескен мен бүгінгі Текелі қаласының маңындағы соғыстарға қатысып, ерлігімен еліне...
Толығырақ... Оқылды: 2076 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 14.06.2019

Елі сыйлаған Балпық би

Биыл міне, Балпық би бабамызға 325 жыл толып отыр. Ескелді би, Қабылиса (Қабан) ақынмен бірге ол да көзі тірісінде әулие саналған, 1694 жылы дүниеге келіп, Қаратал, Көксу бойында 1784 жылы қайтыс болса керек. Балпық он екі ата Жалайырдың ең үлкені Андас тармағына жатады. Бұрын Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпықтың тарихи еңбегі ерекше. Қай жерде, қандай жағдайда болмасын өзінен екі жас үлкен Ескелді бимен аты қатар аталған. Жүздеген жылдар бойы үздіксіз шапқын жасап тұрған Жоңғар қалмақтарынан ығысып, Сыр бойын, Шу бойын паналап жүрген Жалайырлардың басын құрап, Ескелді, Қабан ақын, Орақ батырлармен бірге жаудан босаған Жетісу өлкесіне көшіріп әкеліп, қоныстандырған еңбегі ел аузында ерекше айтылады. Нақтылы деректерге сүйенсек, Балпық, Ескелді, Орақ батыр Аңырақай шайқасында Жалайырлардың қолын бастап, қалмақтарды Іле дариясына тоғытқан. Жаудың негізгі күші Талдықорған жаққа қашқанда үлкен бір тобы қасқа жолдан шалғайда жатқан Іле, Балқа...
Толығырақ... Оқылды: 2381 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 14.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.