СПОРТ

Облыстық жоғары спорт мектебі республикада топ жарды

Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі "Үздік спорттық ұйым 2019" Республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нүркен Қанатұлы мәлімдеді. Негізінде спорт мектебінде жалпы саны 67 жаттықтырушы 56 топпен, контингенті 378 спортшымен жұмыс атқарды. Мектепте спорттың 19 түрімен шұғылдануға болады, соның ішінде 13 олимпиадалық спорт түрлері, 4 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрі бар. Өткен жыл аталған ұйым үшін жемісті болды. Үміт артқан спортшы ұл-қыздар бірталай атақ-дәрежелерге қол жеткізді. Енді «Жоғары спорт мектебінің» шәкірттерінің қатарында «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», 4 бірдей «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 18 «ҚР спорт шеберлері» тәлім алады. Мұнымен жетістіктер таусылмақ емес, бұл мекетептің баптаған сайып қырандары Қазақстан республикасының құрама к...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: СПОРТ Уақыты: 14.02.2020

Қазақ күресінің атауы өзгеретін болды

Қазақ күресінің атауын өзгертуге қатысты бірнеше ұсыныс түсті, олардың арасында "балуан күресі", "күрес", белдесу", "тік күрес", "бас күрес", "бәс күрес" деген атаулар бар Жыл соңына дейін қазақ күресінің атауы өзгереді. Осыған орай арнайы ғылыми топ құрылды. Негізгі мақсат – ұлттық спортымызды халықаралық дәрежеге көтеріп, Олимпиада бағдарламасына қосу. Ол үшін қазақ күресінің бейтарап бір атауы болуы қажет. Профессордың ұсынысы Қазақ күресі киімінің авторы, профессор Елемес Әлімханұлы қазақ күресінің халықаралық атауына атүсті қарауға болмайды деп отыр. Оның мағынасына терең үңіліп, ғылыми тұрғыда таңдаған жөн. Әйтпесе, бүгінде негізсіз ұсыныстар жоқ емес. "Енді, кез келген ұсыныстың нақты бір негізі болуы керек деп ойлаймын. Дәлелі де салмақты болған жөн. Мысалы, өткенде біреу "тік күрес" болсын депті. Ал сондай атау бола ма екен? Ондай ұсыныстарға дәлел келтіру керек", - дейді Әлімхан...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: СПОРТ Уақыты: 13.02.2020

КИЕЛІ ОЙЫН – КӨКПАР

Адамзат тарихында жабайы жылқыны алғаш қолға үйретіп, алыс қашықтыққа мінетін көлік ретінде алғаш рет түркі жұрты жаратыпты. Қазір бұл жөнінде ғалымдар бірауыз пікірде. Ежелгі сақ қорғандары, грек, қытай, армян жазбаларында атқа алғаш мінген жауынгер халық туралы мәлімет көп. Жылқы туралы қазақ халқы «Мінсең көлік, ішсең ас, кисең киім» деп жатады. Жетіге толған қазақтың баласы жабағыға оңай бас білдірген. Қазақ халқы ас бергенде, той-томалақта көптеген ойынмен қатар көкпар тартады. Жалпы, көкпар сөзінің шығуына қатысты ғалымдардың пікірі әртүрлі. Қолөнершілер қайыс пен таспа тілгенде, басқа малдың емес, тап ешкінің ғана терісін жаратқан. Көкпар өнері Алтай мен Атыраудың арасында небір зұлматта да ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа аман-есен жетіп отырды. Ата-баба аманаты бүгінде қайта түлеп, әлемдік деңгейге жол тартып барады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетіне де ерекше тоқталып өтті. Өйткені жылқы м...
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: СПОРТ Уақыты: 11.02.2020

МЕРЕКЕ КҮНІНДЕГІ ҚУАНЫШ

Тәуелсіздік күніне қарсы ​ Балпық би ауылындағы Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орталық саябақтың ішінен балаларға арналған ойын алаңдары ашылды. ​ ​ «Жастар жылы аясында саябағымыздың ​ келбетін өзгерттік. ​ Футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын ​ жабдықтадық, жаңа заманға сай воркаут тренажерлерін орнаттық. Жарықтандыру жасадық. Жыл сайын спорт құрылымдарын көбейтіп, тиісті жұмыстарды істеп жатырмыз.​ Бұл бағыттағы жұмыс​тарды ары қарай да атқаратын боламыз»,-деді аудан әкімі құттықтау сөзінде. ​ Айта кетейік Көксу ауданында 119 спорт нысаны бар. Ауданда 41 халық болса, спортпен шұғылданатындардың саны 12 мың адамға жетіп отыр.
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: СПОРТ Уақыты: 13.12.2019

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Атлантада АҚШ-тың жүзуден ашық чемпионаты басталды. Турнирге Қазақстан атынан Дмитрий Баландин мен Әділбек Мусин қатысып жатыр, деп хабарлайдыStan.kzақпарат агенттігі. Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Баландин 100 метр қашықтыққа бірінші болып жүзді. Оның уақыты 59,36 секундты құрады. "Күміс" америкалық Андрю Уилссон, ал "қола" АҚШ-тың тағы бір спортшысы Коди Миллерге бұйырды.
Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: СПОРТ Уақыты: 09.12.2019

Алматы облысының спортшылары Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

Самбо күресінен Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінен жүлдемен қайтты. Бұл туралы «Jetisu Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихаты барысында белгілі болды. Оңтүстік Корея мемлекеті, Чхонжу қаласында өткен жарыста ел қоржынына 4 күміс, 5 қола медаль түсті. Жалпы жарысқа 81-мемлекеттен, 516-спортшы қатысқан. Бұл тізімде Алматы облысының балуандары да бар. Олар: Ерболова Гүлнұр, Жұмабаева Динара, Құрышбаева Ділдаш, Қуатай Арнур, Жумагереев Болатбек. Мәселен Ділдаш Құрышбаева финалға дейін қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, шешуші сында Ресей спортшысына ғана жол берді. Осылайша жерлесіміз күміс жүлделі болды. Ділдаш үшін жаhандық жарыстан алған 5-ші жүлдесі. Динара Жұмабаева да ел намысын лайықты қорғай білді. Ол үшінші орыннан көрінді. Жергілікті журналистермен кездескен ел құрамасының мүшелері жарыстан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы жоспарларын айтты. Спортшылардың ендігі мақсаты желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем кубогының кезеңінде топ жар...
Толығырақ... Оқылды: 98 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.11.2019

Былғары қолғап шеберлері "Jetisy fit"- ке келді

Жастардың спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатын да, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда басымдылық берген «ұлт денсаулығын нығайту» бағытында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен бокcтан шеберлік сабақтары өткізілді. «Тәні саудың, жаны сау» деген ұстанымды ұстанған Бүкілқазақстандық универсиаданың 2019 жылғы жүлдегерлері Нұржан Мақашбаев пен Алмас Құрманғалиев журналистер үйінің "Jetisy fit" фитнес залында мекеме қызметкерлерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған шараны «Jetisy Media» КММ ұйымдастырды. «Игі істің басына жақсы келер қасына» дегендей салауатты өмір салтын насихаттайтын шеберлік сабағынан ешкімде қалыс қалған жоқ. Шараға қатысушылар ой сергітіп, бой жазып, денелерін шынықтырыпта алды. Шеберлік сағатын өткізген спортшылар «сен тұр мен атайын» дейтін тепсе темір үзетін жігіттер. Қатарластарының өздеріндей шымыр болуын қалаған спортшылардың таңдаған жолында жеткен жеті...
Толығырақ... Оқылды: 106 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.11.2019

Еркін күрестен халықаралық турнирде Қазақстан балуандары екі алтынға ие болды

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Бувайсар Сайтиевтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Реклама Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының жеңімпазы және алты дүркін әлем чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесі тігілген жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Жарыс нәтижесінде қазақстандықтар екі алтын және төрт қола медаль еншіледі. 57 келідегі Егор Анчугн мен 75 келідегі Мүсілім Жақсылық алтын медаль иеленсе, Әди Серікұлы (41 келі), Серік Нұрасыл (57 келі), Асхаб Хаджиев (57 келі) және Әлихан Құсайыновтар (85 келі) қола жүлдегер атанды. Аға бапкер Еркебұлан Кешубаев жаттықтыратын Қазақстан командасы жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: СПОРТ Уақыты: 29.10.2019

Қанат Ислам 4 раунд бойы сынған қолымен жұдырықтасқан

Кеше ғана намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңген қазақстандық боксшы Қанат Ислам соңғы төрт раундта сынған қолмен жұдырықтасты, деп хабарлайдыStan.kzақпарат агенттігіVesti.kzпорталына сілтеме жасап. Боксшының командадағылардың хабарлауынша, жетінші раундтан бастап Қанат Ислам сынған оң қолына қарамастан жұдырықтасқан. Сол себептен ол қарсыласына соққы бере алмады. Жекпе-жектен соң боксшының қолына гипс салған. Айта кетсек, 26 қазанда Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінің басты кездесуінде қос боксшы WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. Төрешілердің қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті 97-92, 97-92 және 99-92 есебі бойынша Қанат Исламға берді. Кездесудің бесінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда бұл шешіммен оның қарсыласы келіспейтінін білдірген. ҚР кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Қанат Ислам мен Вальтер Каутондокваның арасындағы жекпе-жек 12 раунд емес, неліктен 10 рау...
Толығырақ... Оқылды: 141 Санат: СПОРТ Уақыты: 28.10.2019

Алматы облысы спортшылары Токиодағы жазғы олимпиадаға жолдама ұтып алды

Jetisy media» мекемесінің ұйымдастыруымен «2020 жылы Токио қаласында өтетін ХХХII жазғы Олимпиада ойындары» тақырыбына брифинг өтіп, оған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен жас спортшылар қатысты. «Қазіргі таңда Алматы облысының споршылары келер жылы Токио қаласында өтетін ХХХII жазғы Олимпиада ойындарына садақ атудан және грек-рим күресінен 5 жолдама ұтып алды. 2019 жылдың маусым айында Голландия мемлекетінің Хертогенбос қаласында садақ атудан өткен әлем чемпионатында облыс спортшылары Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин сынды спортшыларымыз 3 жолдаманы жекелей ұтып алса, 1 жолдаманы командалық есепте иеленді»,- деді облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нұркен Нұратов. Ал тағы бір спикер грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асхат Ділмұхамедов жеңіске жету жолы турасында баяндады. Баршаға белгілі, үстіміздегі жылдың 14-22 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресіне...
Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.10.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.