СПОРТ

30 КҮНДЕ 3000 ШАҚЫРЫМДЫ БАҒЫНДЫРДЫ

Санат: СПОРТ
Уақыты: 10.06.2021
Оқылды: 1370 Печать страницы
30 КҮНДЕ 3000 ШАҚЫРЫМДЫ БАҒЫНДЫРДЫ

Ағымдағы жылдың 5 мамырында жетісулық Алмат Балтабеков «Тәуелсіздік ұрпақтары» жалпыұлттық жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласынан Талдықорған қаласына дейін велосапарын бастаған болатын. Еліміздің 7 облысын басып өтіп 3000 шақырымды құрайтын сапарын Алмат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады. Алдын ала жоспары бойынша 45 күнді қамтуы керек болған велошеру 34 күнде мәресіне жетті.
Бүгін діттеген мақсатын орындап, Жетісудың жүрегіне жеткен жерлестерін талдықорғандықтар ыстық ықыласпен күтіп алды. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы мұрындық болған шараға Алматтың ата-анасы, достары және қаламыздың спортсүйер жас велошабандоздары қатысты. Айта кету керек, бұл сапардың негізгі мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, ішкі туризмді дамыту және жас буынға отаншылдық рухты дарыту болып табылады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.