Жаңалықтар

5 айда ҚХР-дан елімізге 7523 тонна аяқ киім жеткізілген

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Баймолдинов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ЕАЭО елдеріндегі тауарлардың таңбалануы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 2019 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР № 230-VI Заңымен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды таңбалау туралы келісім ратификацияланды. Ол сұр айналымды барынша азайтып, ЕАЭО-дағы тауарлар айналымына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтынушылар сатып алынған тауарлардың заңды екеніне кепілдік алады. Тауарларды таңбалау ЕАЭО елдерінде өзара мойындатылып, таңбаланған қазақстандық өнімді Ресейге, Қырғыз еліне, Беларусь пен Арменияға экспорттауға мүмкіндік береді. Елімізде аяқ киімді цифрлық таңбалау алғашқылардың ірі боп енгізілді. Оған нарықтағы контрафактілік деңгей себеп болған. Ал, аяқ киімнің сандық таңбалануы контарафактіден тазартуға өз ықпалын тигізбек. Сонымен қатар қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік бермек. &...
Толығырақ... Оқылды: 2950 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.06.2022

Сервистік әкімдікте қоғамдық қабылдау

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен 15.04.2022 жылы Көксу аудандық Сервистік әкімдікте «Көксу ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындары туралы» Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі саласындағы мемлекеттік көрсететін қызметтер мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауда ауыл тұрғындары әлеуметтік сала және басқада жеке сұрақтарымен келген. Барлық сұрақтар бойынша тиісті жауаптар берілді.
Толығырақ... Оқылды: 5484 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2022

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БЮРОКРАТИЯНЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды. Президент «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Бюрократиядан арылтудың негізгі қағидаттары форма мәнінің басымдығын, бастапқы қалпы бойынша цифрландыруды, басқарушылық жауапкершілікті, үздіксіз жетілдіруді, регламенттеудің оңтайлылығын айқындайды. Жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылған. Бұл шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттік аппаратта шешімдердің қабылдануын жылдамдатады, мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігін арттырады, құжат айналымы мен есеп берушілікті қысқартады. Атап айтқанда, жүктелген міндеттерді жылдам жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілерді өздерінің функцияларын заңнамалық деңгейде нақтылап жатпай-ақ қабылдауға құқық беріледі. Кешенді реинжиниринг негізінде норма шығару және бюджет үдерістерінің мерз...
Толығырақ... Оқылды: 5484 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2022

«Төрт игі істі көбейтіңдер»: Оразаның соңғы он күнінде не істеу керек

Бүгін биылғы Рамазан айының соңғы онкүндігі басталды. Қасиетті айдың осы бір бөлігін қалай өткізу керек? Қандай ізгі амалдар жасау қажет? Бұл сұрақтарға бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді. «Бұл он күн – өзіңе есеп беретін, болашағыңа жоспар құратын мүмкіндік. Өткен-кеткен қателіктер көз алдыңнан өткенде Алладан кешірім тілейсің, жоспарыңды Аллаға айтып, көмек сұрайсың. Былтырғы Рамазан мен биылғы Рамазанның қандай айырмашылығы болды? Алламен қарым-қатынаста, адамдармен қарым-қатынаста, мінез-құлықта қандай жетістіктерге жеттіңіз? Өзіңізге сауал қоятын уақыт келді. Рамазан айындағы соңғы он күн мұсылман қалағаны үшін емес, Алла ардақты еткені үшін ерекше. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазанның соңғы он күнінде құлшылықты көп ететін. Хазреті Айша (оған Алла разы болсын) былай деген: «Хазреті Пайғамбар Рамазанның соңғы он күні кіргенде түнді толығымен ғибадатқа арнайтын. Отбасы мүшелерін оятып, әйелдерден бөлек тұратын». Тирмиз...
Толығырақ... Оқылды: 2619 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.04.2022

Қадір түніне дайындық

Рамазан айында түндердің төресі болған, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын Қадір түні маусымның 11-нен 12-не қараған түні кіреді. Нақты бір күнді белгіленгенмен, Рамазан айының соңғы 10 күнінің тақ күндерінен де (5.7.9.) күткен абзал. «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің ішінен іздеңдер.»(Мүслим) «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің тақ түндерінен немесе Рамазанның соңғы түнінен іздеңдер. Сауабын ойлап Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның күнәлары кешіріледі.» (И. Ахмед) «Қадір түні Рамазанның 27-ші түні» (Әбу Дауд) Бұл – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн. Алла Тағала «Қадір» сүресінде: «Расында Біз Құранды қадір түні түсірдік. Қадір кеші мың айдан қайырлы», – деп баяндаған. Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды. Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көп нәрседен мақұрым қалады дейді ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): &...
Толығырақ... Оқылды: 2606 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.04.2022

Мың айдан қайырлы

«Қош келдiң, йа, Рамазан» деп жылына бiр рет келетiн Рамазан айын барша мұсылман үмбетi асыға күтетiнi анық. Рамазан айы – жер бетiндегi Алланы бiр деп мойындаған, иманның шарттарына шүбәсiз сенген адамзат баласының сағынып күтетiн, бiзге екi дүниенiң бақытының кiлтiн ашатын қасиеттi Құран Кәрiм аяттары түсе бастаған сондай бiр мүбәрак ай. Бұл ай барша адамзат баласына өз рахметi мен қайталанбас күнге толы нығметiн алып келедi. Рамазан айының мәртебесi туралы Пайғамбарымыз былай деген: «Айлардың мырзасы – Рамазан, күндердiң мырзасы – Жұма, түндердiң мырзасы – Қадiр түнi». Сауабы сарқылмайтын қасиеттi айда мол сауаптан кенелуге мүмкiндiк бар. Бұл айдың қасиеттiлiгi сонда, күндiз немесе түнде оқылған Құранның әрбiр әрпi үшiн еселенген сауап бар. Бұл айда шайтандар кiсенделiп, тозақ есiктерi жабылып, жұмақ есiктерi ашылады. Нәпiл намаздар оқып, Аллаға құлшылық еткен жанның жүрегiне иман нұры құйылып, көз, құлақ перделерi ашылады. Рамазан айы...
Толығырақ... Оқылды: 2612 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.04.2022

EGOV MOBILE

EGOV MOBILEмүмкіндіктері Барлық құжаттарды өзіңізбен бірге алып жүру өте ыңғайсыз. Кейде маңызды құжаттарымызды үйде ұмытып кетіп те жатамыз. Цифрлық құжаттар әрбір қазақстандықтың өмірін мүмкіндігінше жеңілдетті. Egov mobile қосымшасында жеке куәлік, н
Толығырақ... Оқылды: 5649 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.04.2022

Көксу бөрісі - 2022

2022 жылдың 14 сәуір күні Балпық би ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Көксу ауданы әкімінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Көксу бөрісі» аудандық іріктеу турнирі өтті. Іріктеу турниріне 10 округтен 20 палуан қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды жеңіп алған Алғабас ауылдық округінің намысын қорғаған палуан Нияз Ерсайын қарсыластарын ойсырата жеңіп, «Көксу бөрісі» атанды. ІІ орынды алғабастық палуан Төкен Айбар иеленсе, ІІІ орынды Арқалық Баймуханбет қанжығасына байлады. Жеңімпаздар медаль, грамота, кубок, сертификаттармен марапатталды. Бірінші және екінші орын алған палуандар «Жетісу бөрісі» облыстық турниріне жолдама алды. Лабасы ауылдық округінен қатысқан Жанат Байасылов «Ардагер палуан», Айнабұлақ ауылдық округінен қатысқан Жалғас Сүлеймен «Жас палуан» атанды.
Толығырақ... Оқылды: 5650 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.04.2022

Айлардың сұлтаны Рамазан

Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айы. Биылғы жылы Рамазан айы сәуірдің 2-нен бастау алды. Араға жылдар салған карантиннен кейін есігін айқара ашқан аудан орталығындағы Балпық би ауылындағы мешітке келушілердің ахуалын білмекке арнайы бардық. Мешіт ауласына оң аяқпен аттағанымыз сол еді, мешіт имамы Еділбек Ерімбет ағамыз бізді жылы шыраймен қарсы алды. Мешіт айналасы жасыл желекпен көмкерілген, таза аула бірден көзге түседі. Кешқұрым ауызашарға 70-100 шамасында адамға дастархан жайылып, ауыз аштырылады екен. Сәрсенбінің сәтінде біз барған ауызашарда сорпа дайындалыпты. Дастархандағы азын аулақ асқа қарап көзің сүйсінеді. Мешітте ішкен астың өзі ысырапшылдықты қоюға, аста төк дастархан жаймауға үгіттеп тұрғандай. Сондай-ақ, мешім имамы Еділбек ағамыз келген жамағатқа діни уағыздар айтып, тұрғындарды елдікке, ауызбірлікке, ең бастысы бір-біріне көмектесуге, оң көзқараспен қарауға дәріптеп, тарихи оқиғалардан әңгіме өрбітті. - Рамазан айы бар...
Толығырақ... Оқылды: 5658 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.04.2022

Комиссия отырысы өтті

Сәуірдің 12-і күні аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалығымен ауданның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралып, бірінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдеп нормаларын сақталу бағытындағы 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы» Көксу аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Абибеков, екінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша денсаулық сақтау саласындағы 2021 жылғы атқарылған жұмыстары және 2022 жылғы І тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы» Көксу аудандық орталық аурухана директоры Асқар Садықов және үшінші мәселе бойынша «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы» Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Қуат Кузбаев баяндама жасап, атқарылған іс-шарал...
Толығырақ... Оқылды: 5642 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.04.2022
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.