Жаңалықтар

Алматы облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз жұмысын қорытындылады

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Нариман Ботанов мекеменің жылдық жұмыс нәтижесін жария етті– деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыста 268 аудиторлық тексеру өткізген. Оның ішінде 248 жоспардан тыс, 20-сы жоспарланған шаралар. Тексеріс кезінде анықталған қаржылық бұзушылықтар көлемі 18 269 648,2 мың теңгені құраса, ал процедуралық бұзушылықтар 20 397 712,4 мың теңге болған. - Департаменттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және мемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру. Мұндай тексерулер жыл сайын жүйелі түрде жүргізіледі, - дейді Н.Ботанов. Сондай-ақ, жасалған аудиторлық іс - шаралардың нәтижесінде, аудит объектілерінің 97 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, 57 - ескерту, 36 - сөгіс, 2-қатаң сөгіс, 2 қызметкер жұмыстан босатылды. Және де есептік кезеңде мемлекеттік орга...
Толығырақ... Оқылды: 565 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2018

Волейболдан «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі өтуде.

Бүгін Талдықорғанда волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі басталды. Аталмыш, додаға Қазақстан, Монғолия, Өзбекстан, Қырғыстан, Татарстан, Польша, Ресей және тағы да басқа республикаларының командалары қатысуда – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Турнирдің салтанатты ашылуында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықаралық турнирге келген қонақтарға өзінің жылы лебізін білдірді. — Құрметті, турнирге қатысушылар, жер жаннаты атанған Жетісу өлкесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі «Жетісу кубогы» турниріне арнайы келген командалардың ішінде атақты ойыншылар – еңбек сіңірген спорт шеберлері, волейбол ойынының өрісін кеңейтуге көп еңбек сіңірген азаматтар бар. Олар-бірнеше буын спортшылар үшін үлгі болған кәсіби мамандар. Сондықтан бұл турнирді өткізу елімізде, соның ішінде облысымызда волейболды дамытуға жасалған жақсы бір қадам деуге болады. Бәріңізге бұл турнирде жақсы ойын, сәттілік пен жеңіс тілейм...
Толығырақ... Оқылды: 272 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.12.2018

Орбұлақтағы орасан зор ерлікке - 375 жыл

Жаркент қаласында Тұңғыш Президент күніне орай және Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына байланысты «Ұлы жебе» мемориалды кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов, Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, тарихшы ғалымдар, қаламгерлер, аудан жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Атырауда Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай халықаралық ғылыми-конференция өтті Дөнен бидің мөрі немересінің қолында сақталған Ұлттың ұлылығын ұлықтауға ұйыстырады- профессор «Ұлы жебе» мемориалдық кешені негізінен ақ мәрмәр мен граниттен дайындалды. Жобаның құны - 278,6 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер ұйым - «Kagan Engineering» ЖШС. Мемориалды кешеннің суретшілері - Ғазиз Ешкенов пен Айдар Жамхан, мүсінші архитекторы - Айдын Жайлаубаев. Мемориалды кешенді тұлпарлы батырлар бейнеленген барельеф, жоғарыға тік шаншылған жебе мен қалқан құрап тұр. Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай &laqu...
Толығырақ... Оқылды: 507 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.12.2018

КИНО ӨНЕРІНІҢ ЖАУҺАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Аптаның сәтті күні сәрсенбіде Қадырғали Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушылары арасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – Алатаудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Тақиялы періште» киносы арқылы таныс Әлімғазы Райымбековпен кездесу өтті. Біртуар режиссер Шәкен Айманов тамаша көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қызықты сюжетімен есте қалатын ерекше – қазақ кино өнерінің жауһарына айналған «Тақиялы періште» атты фильмін 1968 жылы жарыққа шығарды. Киноның негізгі мазмұны – ауылдан қалаға келген Тана ана, баласы Тайлақтың бойдақтығына төзбей, «ер бала жалғыз тұра алмайды, оның қасында қолдаушы...
Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 30.11.2018

Алматы облысында мигранттарға құқықтық қолдау көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде

Алматы облысында «Талдықорған аймақтық әйелдер қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдаумен осал мигранттарды өңірлік және жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан қорғау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Науқанның осы облыста ауқымды өткізілуі,Қазақстанда статистикалық мәліметтерге сәйкес, шетелдік мигранттарды барынша тартатын 5 өңірге кіруі болып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында белгілі болды. Аталмыш шара, Халықаралық көші-қон ұйымы және Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен жасалған. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастау алған түсіндіру жұмыстарына - ХКҰ, көші-қон қызметкерлері, Алматы облысының ІІД ұйымдасқан қылмыстық бөлімінің қызметкерлері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбек этномәдени бірлестігі және БАҚ өкілдері тартылған. Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық үйлестірушісі Светлана Жасымбекованың айтуын...
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.11.2018

ОРЫНДАЛҒАН УӘДЕ

Ағымдағы жылдың тамыз айында Көксу ауданында жерлестер форумы өткен болатын. Кездесуге Көксу өңірінде туып-өсіп, қазіргі уақытта еліміздің әр жерінде еңбек етіп, өз істерін өрге бастырған іскер азаматтар келді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жалпы саны 11 жобаны құрайтын біршама игі істер қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Соның бір бастамасы - «Іскер азамат, ел тірегі» атты Көксу ауданы жерлестерінің кездесуі. Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ел ішінде шынымен де меценаттық толқын туғызды. Әр ауылда танымал кәсіпкерлер болсын, мектеп бітірген қарапайым түлектер болсын, бас қосып, өрелі тірлік, өнегелі іс атқарып келеді. Айтылған кездесуде жомарт жерлестер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді. Ақылдаса келе ауданымыздағы елді мекендердегі халықтың тұрмыс-тіршілігін және денсаул...
Толығырақ... Оқылды: 314 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 23.11.2018

ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХПЕН ТАНЫСУ

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өткен тарихымыздың жарқын келбеті деп білемін. Себебі, бүгіннің өткенсіз, болашақтың бүгінсіз айнасы бұлыңғыр. Біз жаһандану заманына өзіміздің тарихымызбен енуіміз керек. Ал, сол түпкі тарих тағылымын Елбасы кезек-кезегімен атап өтті. Қазақ халқының танымдық мұрасы, салт-дәстүрі мен өзіндік әдет-ғұрпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық шежіресі – баға жетпес асыл қазына. Сол қазынаны ұмытпау әрі дәріптеу – жастардың үлесінде. Алғашқы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауында Ұлы дала төсінде пайда болған мәдениет, атқа міну дәстүрі, аң стилі, Алтын адам жайында айтып, біраз бағдарламалар мен жобаларды ұсынды. Сол Ұлы даланың жеті қырының ең алғашқысы ретінде, қазақ халқының жеті қазынасының бірі – жылқыны дәріптегені көп нәрсені аңғартады. қазақ ауыз әдебиетінде жылқы туралы «Құлын – тайға жеткізер, тай – құнанға жеткізер, құнан – атқа жеткізер, ат – м...
Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.11.2018

Алматы облысында Ұлт Көшбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды

Талдықорғанда, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың су жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын іске асыруға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Елбасы «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне жария еткен мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырған. Онда ұлы даланың жеті қырын: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Аң стилі» деп бөлінген. Олимпиада чемпионы, Жақсылық Үшкемпіровтің айтуынша, бұл мақала президенттің қазақстандықтардың рухани баюына арналған екінші қадамы. « «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады». Міне осылай басталатын мақаладан әр қазақтың баласы ерекше шабыт алды де...
Толығырақ... Оқылды: 376 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 22.11.2018

Шымкетте «Zhetysu Travel-2018» атты форум өтті

Шымкент қаласында, Алматы облысының туристтік мүмкіндіктері паш етілген «Zhetysu Travel-2018» атты форум өтті. Қазіргі таңда Алакөл Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі болып табылады. 2014 жылы оған 140 мыңға жуық демалушы келсе, осы маусымында бұл көрсеткіштің саны 10 есеге өсіп, 1 миллион 250 мың адамды құрады. Алайда Алматы облысының туризм басқармаса бұл нәтижеге тақталып қалмай, өңірге 1 миллионан да көп туристтерді тарту жолдарын қарастырып жатыр. Осы мақсатта, облыс басшылығы Түркістан облысы және Шымкент қаласында Жетісу табиғатымен киелі нысандарын таныстыратын В2В форматында кездесу ұйымдастырды. Жиында, бірқатар жергілікті туристік фирмалары мен Жетісу туристтік ұйымдарының өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, өңіраралық туризмді дамыту бойынша бірнеше бағдарламалар таныстырылды. Сонымен қатар, 2019 жылы Шымкенттен Алакөл жағалауына дейін теміржол қатынасы іске қосылып, екі аймақ арасынан туристтер еш кедергісіз қатынай ала...
Толығырақ... Оқылды: 517 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 20.11.2018

Латын қарпі – қазақ тілінің жаңа белесі

«Ел – бүгіншіл, Менікі – ертең үшін» А.Байтұрсынов. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында. «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Елбасымыздың осындай сарабдал саясатын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі жанынан құрылған «Қазақ әліпбиін – латын қарпіне көшіру» жөніндегі ақпараттық- түсіндіру тобы үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап, ауылдық округтердегі елді мекендерді аралап, көшпелі семинар жұмысын жүргізіп ке...
Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.11.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.