Жаңалықтар

Төрлет төрімізге, Наурыз

Аудан орталығында барлық сән-салтанатымен өткен «Наурыз» мерекесі келесі күні Лабасы ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында жалғасын тапты. Округке қарасты Мәмбет, Талапты, Жамбыл, Еңбекшіқазақ елді мекендерінің тұрғындарының аса ұйымшылдық танытқаны көрер көзге бірден түсіп, мерекелік шара дүбірлі думанға айналды. Бірнеше тігілген ақшаңқан үйлер, сәнді шатырлар, жағалай орналасқан сауда-саттық орындары алыстан көзге түсіп, жиналған қауымды өзіне тартады екен. Мерекені ауылдық округ әкімі Ержан Шалқыбеков құттықтау сөзімен ашып, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»-деп игі лебізін білдірді. Аудан әкімінің құттықтауын жеткізген аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов округке қарасты 4 елді мекен тұрғындарының осылай «Наурыз» мерекесін бірге тойлауды бірнеше жылдан бері дәстүрге айналдырғанын атап өтті. Мерекеде сонымен қатар аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Амангелді Қалдыбек, зейнеткерлер Амангелді Ыбыраев, Нұрбек Достыбаев сөз сөйлеп, ауылдаст...
Толығырақ... Оқылды: 767 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.03.2018

Баспана алу мүмкіндігі күшейеді

2018 жылдың 5-ші наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында халыққа өзінің әлеуметтік саладағы бес бастамасын ұсынды. Елбасының бес бастамасын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың міндетін және бағытын нақтылау мақсатында жиын өтті. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы төрағалық еткен жиынға ауданның мәслихат хатшысы және депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары құқық қорғау органдары, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, кәсіпорындар, қоғамдық, саяси ұйымдар мен кәсіпкерлер басқосты. Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы Елбасының бес бастамасы туралы баяндама жасады. Әр бастамаға жеке-жеке тоқталған аудан әкімі: - «Елбасы ұсынған бес бастамада халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге, төмен жалақы алатындарды қолдауға, жастардың білім алуына және әр адамның кәсіпк...
Толығырақ... Оқылды: 732 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.