Жаңалықтар

Онлайн жүздесу

Бүгін «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов "Уыз май" ЖШС-нің еңбек ұжымымен онлайн форматта Skype бағдарламасы арқылы кездесу өткізді. Онлайн жүздесу барысында Мәлік Аманбайұлы партияның сайлауалды бағдарламасымен бөлісті. Сонымен қатар ол онлайндық үгіт-насихат жиынына қатысқандардың тарапынан келген сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін қойын дәптеріне түртіп алды. 10 желтоқсан күні болатын сайлауға шақырып, партияға дауыс берулерін де сұрады. Зауыт туралы айтар болсақ, бұл жерде заман талабына сай батыс еуропалық құрылғылар орнатылған, олар соя бұршақтарын өңдейді. Зауытта жарманы сақтайтың екі ірі қойма, салқын орын бар. Сояның сапасын тексеру үшін арнайы лаборатория жұмыс жасайды. «Компания ең жақсы шикізатты таңдап алады. Оны жоғарғы технологиялық құрылғыда өңдеп, серіктестеріне экологиялық таза, пайдалы өнімді жіберіп отырады. Тұрақтылық, қаржылық сенімділік және жоғары технологиямен соя өндіру -...
Толығырақ... Оқылды: 1344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.12.2020

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер "Жәрдем" БПҰ-мен кездесті

ҚР Парламент Мәжіліс депутаттығына үміткер Каримов Досан Елжанұлы «Жәрдем» БПҰ-мен кездесті. Жәрдеммен өткен жарқын жүздесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды. Досан Каримов бастауыш партия ұйымымен өткізген еркін форматтағы кездесуі аясында сөз сөйлеп, партия тарапынан атқарылып келе жатқан ілкімді істер жайлы және де алдағы уақыт еншісіндегі байырқалы бастамалары туралы баяндады. Аталған БПҰ-ның мүшелері үміткерге ауыл мен ауданға қатысты маңызды деген халық көкейіндегі қадау-қадау мәселелер төңірегінде өз сауалдарын қойып, екі жақты пікір алмасты. Сондай-ақ, ел дамуының алдағы жылдардағы жоспары жайлы ойларымен бөлісті. Келелі кездесу соңында аталған БПҰ-ның мүшелері Досан Елжановқа алдағы сайлау сәтті өтсін деген тілектерін айтты.
Толығырақ... Оқылды: 1286 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.12.2020

Ұлттық экономика министрлігіндегі парасаттылық тәжірибесі

Тараптардың бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі басшылығының кездесуі өтті. Негізгі күн тәртібі министрлік жетекшілік ететін салаларда жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне бағытталған. Бейнеконференция байланысы арқылы өткен іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, ҚР ҰЭМ, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің және «Микрография ғылыми-зерттеу институты» РММ аумақтық бөлімшелері де қатысты. Кеңесті ашқан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде органның қағидаттық ұстанымды ұстанатынын атап өтті. «Бұл бағытта жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті экономикалық ведомство басшысы. Бизнес-үдерістерді функционалдық талдаумен және оңтайландырумен байланысты негізгі шаралармен қатар, қызметкерлер арасында адалдық және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамашылық жобалар іске қосы...
Толығырақ... Оқылды: 749 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2020

Жетісу өңірінде соңғы тәулікте 61 жағдай тіркелген

Алматы облысында коронавирустық инфекциямен күресу жұмыстары жалғасуда, осыған сәйкес қажетті шектеулермен карантиндік режим сақталуда. Облыста қазан, қараша, желтоқсан айларында індеттің өсу қарқыны үдеп отыр. Денсаулық сақтау министрінің айтуы бойынша елімізде аурудың максималды өсуі 2021 жылдың қаңтар, ақпан айларында орын алады деп болжануда. Жетісу өңірінде соңғы аптадағы мәліметтер бойынша коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,7% құрап, соңғы тәулікте 61 жағдайы анықталған. Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирустың 6725 жағдайы тіркелді, оның 5758-і емделіп шықты. «Стационарлық емдеуде 328 адам жатыр, реанимация бөлімшесінде 22, ИВЛ аппаратына 1 адам қосылған. Талдықорған қаласындағы жаңа облыстық инфекциялық ауруханасында 58 пациент ем алуда.Науқастарға барлық медициналық көмектер көрсетілуде. Өкінішке орай осы айда 12 адам осы індеттен көз жұмды. Қайтыс болған азаматтардың көпшілігі дәрігерлердің көмегіне кеш хабарласуы болып отыр»,-деді облыс әкімінің...
Толығырақ... Оқылды: 717 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2020

Сауық құрамын деп сақтықты ұмытпаңыздар!

Жаңа жыл мерекесі көңілге қуаныш сыйлағанымен қарашаның тағдырын бір сәтте өзгеріп жіберері тағы бар. Жарқылдаған отшашулар, қызыққа толы кештің аяғы қайғылы оқиғаға ұласып жатады. Мұндайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіпсіздікті басты назарға алу керек деп дабыл қағады. Пиротехникалық заттарды пайдалану барысында халық жарақат алып, тіпті айналаны қызыл жалын шарпып кету қауіпі жоғары. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін төтеншеліктер полиция қызметкерлерімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде. Отшашуларды заңсыз сату бұл әуелі адам денсаулығына төтенше қауіпті. Бұл ретте мемлекет заң аясында қатаң шараларды қолдануға мәжбүр. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау, тасымалдау, сату, әкелу, әкету тәртібін бұзу-жеке тұлғаларға пиротехникалық заттар мен, азаматтық пиротехникалық...
Толығырақ... Оқылды: 539 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2020

http://nurly.koksu.gov.kz/news/cat-2/2404/

Өткенге есеп, болашаққа бағдар қояр бұл жиын Жетісуда дәстүрлі өтіп келеді. Биылда сән -салтанатты бұзбай облыс әкімі Амандық Баталов өңірге еңбегі сіңген, қалтқысыз қызмет еткен зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер алқасын жаңа жыл қарсаңында қабылдады. Жиынға шақыртылғандар санаулы. Олардың арасында аймақтың «Құрметті азаматтары, «Құрмет» орденінің иегерлері, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері бар. Ерте жастан еңбекке араласқан қарттарымызға қандай құрмет көрсетсе де артық емес. Өйткені, бірі тылда жұмыс істесе, ендігісі әлі күнге ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етіп келеді. Салтанатты шара өзіне тән сәнімен басталып, қарияларды күмбірлеген күймен қарсы алды.Бұл кездесу, бұрынғыдан өзгерек десекте болады. Шараның алғашқы шымылдығы биылғы індет салдарынан бақилық болған ел азаматтарын еске алумен басталды. Артынша, өңірде атқарылған жұмыстар жайында әзірлеген бейнеролик көптің назарына ұсынылды. Игі кездесудегі алғашқы сөзді облыс әкімі Амандық Ғ...
Толығырақ... Оқылды: 1098 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

Алматы облысында індеттің өсімі тәулігіне 0,6 пайызды құрайды

Жетісу жерінде жалпы коронавирус инфекциясының 6604 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2358 адамнан КВИ анықталған. 5709 толық емделіп шықты. Қазіргі уақытта 432 пациент әлі ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыста 49 адамның індетті жұқтырғаны белгілі болып отыр. Сәйкесінше өсім тәулігіне 0,6 пайызды құраған. Инфекциялық стационарлардың жүктемесіде ұлғайып, төсек-орын саны 683-тен 1003 төсекке дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 96-дан 110-ға дейін артты. «Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа - 8,8 млрд. теңге бөлінді. 3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты және басқа да медициналық жабдықтар мен 31 хай Флу аппараты сатып алынды. Ауруханаларда 534 өкпені жасанд...
Толығырақ... Оқылды: 1095 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

Жаңа жағдайдағы білім беру⠀

Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге асыруды қолға алды.⠀ Мерейтойлық бағдарламаның басты жаңалығы белгілі ұстаздар тәжірибелерімен бөлісетін Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық шеберлік онлайн алаңының ашылуы болып отыр. Алғашқы болып Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерінің иегерлері шақырылады. Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде 80-нен астам адам жоғары педагогикалық марапат иегерлері. Олар елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің математика пәні мұғалімі Гүлнар Апеева, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Сәуле Ахметова, Өскемендегі NIS-тің биология пәні мұғалімі Татьяна Джежеря, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің ағылшы...
Толығырақ... Оқылды: 1094 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

Алматы облысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруда көш бастап тұр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова Алматы облысына кезекті іс-сапарымен келді. Министрдің сенімді уәкілі аймақта «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуын көзімен көріп қайтты. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының ел аумағында іске қосылғанына аттай үш жыл болды. Бастапқыда аталған бағдарламаның желкенін көтеруге 16 млрд. теңге қаржы бөлінген еді. Берілген қаражат желге ұшпады. Пайдасын ел көрді. «Еңбектің» бірінші бағытына сәйкес, облыс бойынша 15 білім мекемесімен 14 оқу орталықтарында 45 мамандық бойынша 2536 адам бизнеске бағыт алған. Оның 2046-сы тұрақты жұмыс орнына орналасып үлгерген. Екінші тармағы арқылы оқыған адамдардың ішінен 1094-і 4791,3...
Толығырақ... Оқылды: 1087 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

ҮМІТКЕРЛЕР ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Жарлыөзек ауылдық округіне арнайы барып, «Балпық» ЖШС-і ұжымының қызметкерлерімен кездесіп сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Кездесу барысында еңбек ұжымының да ұсыныстары тыңдалды. Мәселен, олар техника мен қызметшілер санын көбейту жайында айтып өтті. Үміткерлер айтылған әрбір ұсыныстар мен қойылған сауалдарға жауап беріп, мәселенің міндетті түрде өз шешімін табатынын айтып жеткізді. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы бойынша көптеген оңтайлы шаруалардың күрмеуі шешіліп, өрісінің кеңейетіні жайлы да тілге тиек етілді. Сол себепті де партияның сенімді тұлғалары ауыл шаруашылығы саласында қызмет істеп жатқан азаматтарға «Nur Otan» партиясына дауыс берулерін сұрады. «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Көксу ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді.
Толығырақ... Оқылды: 1090 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.