Жаңалықтар

СӘЛЕМДЕСУ ӘДЕБІ

«Сәлем – сөздің анасы» дейтін қазақ халқы қашан да сәлем беруге үлкен мән берген. Адамдар бір-бірімен кездескен уақыттарында ең бірінші әдеп те осы сәлемдесуден басталады. Ата-бабаларымыздың «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені, жақындықтың белгісі – кешіктірмей келгені» дейтіні осыдан. Әлемдегі барша мұсылман халықтары бір-біріне «Ассаламуғалайкум» (Сізге Алла Тағаланың сәлемі болсын) деген үлгіде сәлем береді. Оған жауап ретінде: «Уағалайкум әссалам» (Сізге де Алла Тағаланың сәлемі болсын) деп айтылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Алла Тағала Адамды жаратқанда оны бірнеше періштеге жіберіп: «Бар да оларға сәлем бер және олардың саған қалай жауап бергенін ұғып ал, өйткені сен үшін және сенің ұрпағың үшін сәлем беру – олардың саған айтқан жауабы болады», – деді. Сосын ол періштелерге: «Ассаламу алайкум»,– деді, олар...
Толығырақ... Оқылды: 1419 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021

Шашты шорт қиып,”шортик” киген ана кімге үлгі?

Қазақтың ұлттық болмысында ертеректе келіндер аталарының атын атамайтын. Атақты күйші Дина апамыздан «тегіңіз кім?» деп сұраса, атасының атын атаудан қысылып, есік алдында ойнап жүрген баласы Нүрпейістің есімін айта салған екен. Сөйтіп Дина Нүрпейісова болып кетіпті. Сол сынды қазақтың ибалы келіндері қайнылары, қайын сіңлілеріне де жанама ат қоятын. Тіпті, әйелдер күйеуінің атын атамай “үйдің отағасы”, ”біздің үйдегі кісі”, ”үйдің қожасы” деп қолпаштап келген. Бұдан олардың еркекті пір тұтып, өздерінен жоғары қоятынын аңғарамыз. Бұл әдет-ғұрып кеңестік кезеңде ұлттық сипатынан айырыла бастады. Ескіліктің қалдығы,еркек пен әйел тең құқылы деген саясатпен бүркемеленді. Күйеуін өзінен бір саты жоғары қойып пір тұтып отыруды келіндерінің құлағына құйып, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отыратын сол кездегі енелердің басым бөлігі о дүниелік болып кетті. Оның үстіне кеңестік жүйенің еркектер мен әйелдер тең құқылы дегенін арқа тұтқан кейбір шола...
Толығырақ... Оқылды: 740 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021

Дала академигіне тағзым

«Алпамыс» бөбекжай-балабақшасында Н.Алдабергеновтың 115 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Бүлдіршіндерге слайд арқылы Н.Алдабергенов туралы көрсетілді. Мектепалды даярлық топтар мен ересек топтар арасында эстафеталық жарыс, мерекелік іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар мерекеге сай бүлдіршіндеріміз ұрмалы аспаптарда ойнап, би биліп, ән айтты. Бүлдіршіндер мен балабақша тәрбиешілері, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, балабақша әдіскері Н.Алдабергенов атамыздың Мұқыры ауылындағы ескерткішке барып құран бағыштап қайтты. Сонымен қатар мәдениет үйінде кітапханада Н.Алдабергенов еңбек жолдарымен танысып өтті. «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының ұжымы.
Толығырақ... Оқылды: 742 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021

Алтын күз мерекесі тойланды

2021 жылдың қараша айында Көксу ауданы Мұқыры ауылындағы «Қызғалдақ» бөбек жай-балабақшасында «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз өтті. Балабақшадағы әрбір мерекені әрқашан естен кетпестей көңілді өткізуге тырысамыз.Бүлдіршіндеріміздің мерекелік көңіл-күйлерін көтеретін жағдай туғызу үшін,музыка залын безендіруге барлық топтың тәрбиешілері бірауыздан ат салысты. Мерекеге балабақшамыздың барлық 6 топ балалары қатысты.Әр топ өздерінің көз тартымды киім сән үлгісін көрсетіп,жас ерекшеліктеріне сай қызықты билерін билеп,әндерін шырқап жоғары деңгейде өнерлерін көрсетті. Ертеңгілігіміздің соңында балабақша меңгерушісі Алпысбаева Сәния Керімбайқызы балаларға жылы лебіз- тілектерін білдіріп «Алтын күз» атты республикалық байқауында әртүрлі жанрда қатысып орын алған балаларға дипломдарын табыс етті. «Қызғалдақ» балабақшасы ұжымына творчестволық табыс,бүлдіршіндеріміз ге күз мерекесіндегідей жарқын күлкі,бақытты балалық шақ тілейміз. Мая Нусипбае...
Толығырақ... Оқылды: 752 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021

ЖАСТАРДЫҢ ЖІГЕРІН ЖАНЫҒАН ЖАРЫС

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Жылдар бойы армандаған бабаларымыздың арманы орындалып, бүгінге ұлы даламызды барша әлем мойындайды. Бұл өлшеусіз еңбек қажырлы саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің жемісі десек қателеспейміз. Елі мен жері, байтақ сахарамыздың болашағы жайында Елбасымыз тереңнен толғайды: «Билікке келген әр саясаткер өз халқына, еліне қандай да бір жақсылық жасауды міндет етіп қоюы керек. Екіншіден, саясаткер ел болашағы үшін бағдарлама ұсынады. Менің бағдарламам – Қазақстанды дағдарыстан шығару болды. Мен бақыттымын – өйткені қазір әлем картасында тәуелсіз Қазақстан Республикасы деген мемлекет бар. Мен бақыттымын – өйткені, бүгінде қазақтарды жер жүзі біледі, Қазақстанмен бірге Қазақстандықтарды бүкіл дүниежүзі таныды. Мен бақыттымын – өйткені, Қазақстан туралы әлем елдері жақсы пікірде. Мен бақыттымын – қиын кезе...
Толығырақ... Оқылды: 731 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 26.11.2021

Ана бақытты болса, ел де бақытты

Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазір көп балалы отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, десе де оның оқуы, жоғары білім алуы мен қазақ үшін қасиетті үйлену тойын жасап, баспана әперу – әрбір қазақтың мұңы болғандықтан, көп балалы отбасына таңсықпен қарайтыны бар. Көксулық жас отбасы Кеңшілік пен Ардагүл Бекетовтар бір күнде көпбалалы отбасы атанды. Облыстық перинаталдық орталық мамандары 25 қазанда туған үшемді бағып-қағып, күні кеше үйлеріне шығарып салды. Бұл – соңғы 15 жылдағы Көксу ауданындағы бірінші жағдай. Үшемдер 1900,0 гр. бойы 42см, 1800,0 гр, бойы 42см, 1700,0 гр, бойы 41см 34 аптада өмір есігін ашты....
Толығырақ... Оқылды: 741 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021

БАТАЛОВҚА АЛҒЫС АЙТЫЛЫП, БОЗЫМБАЕҚА МІНДЕТ ЖҮКТЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалған Қанат БОЗЫМБАЕВТЫ облыс активіне таныстырды. - Бүгін бірқатар кадрлық өзгерістерге байланысты Алматы облысына келіп отырмын. Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды. Амандық Ғаббасұлы 7 жылдан астам уақыт Жетісу өңіріне басшылық етті. Осы жылдарда облыс жақсы көрсеткіштерге жетті, көптеген ірі жобалар іске асырылып, бұл өңірдің дамуына үлкен серпін берді. Мемлекет басшысы Амандық Ғаббасұлының жұмысын өте жақсы бағалап, облыс әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғысын жеткізуімді тапсырды. Амандық Ғаббасұлының мол тәжірибесі, ақыл-кеңесі қоғам өмірінде әлі де пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Бүгін облыстық мәслихат депутаттарының келісімен осы өңірдің тумасы, бұған д...
Толығырақ... Оқылды: 745 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021

Zhansugurov college

Ілияс Жансүгіров атындағы колледж Алматы облысы колледждерінің арасындағы ең беделді колледждердің бірі.Бұл коллледжде түрлі мамандықтар бойынша мыңдаған студент білім алады.Колледж ішінде стеденттер түрлі іс-шараларға белсене ат салысады.Қазіргі кездегі карантинге сай колледж ішінде карантин шаралары ұстанылады. Коллледж студенттері түрлі конкурстар,жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Сол конкурстардың бірі жақын арада өткен Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауы. Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауының іріктеу қорытындысы бойынша Zhansugurov college-нің «Zhansugurov college», «IT ZH» команда құрамы финалға өтті. «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылай қолдауымен 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Student Energy Challenge» мерейтойлық...
Толығырақ... Оқылды: 1240 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2021

ҚазҰудың мүмкіншіліктері

Мен қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (экономика және бизнес жоғары мектебі) факультетінің 1 курс студентімін. ҚазҰу-Қазақстандағы ең үздік оқу орындарының бірі. Және де білікті мамандар дайындаудан көш бастап тұрған оқу орнының бірі. ҚазҰуде мүмкіндіктер өте көп соның бірі 2 курстан бастап шет елге жібереді, яғни мамандығымызды әрі қарай жетілдіру үшін. Бірақта, шет елге шығу үшін тіл білу маңызды. Әрине 1 курс студенті болғандықтан қандай мамандық болсын ағылшын мен орыс тілі оқытылуы міндетті. Дәл қазіргі уақытта ҚазҰудың 1 курс студенттері онлайн платформаға ауысты. Соған байланысты универ жүйесін енгізді. Бұл студенттер мен оқытушыларға ыңғайлы. Тапсырмаларды енгіземіз, ҚазҰудағы кітапханадан онлайн кітаптар оқи аламыз, күндерлікті сабаққа қатысқан балдарымызды көре аламыз т.б. мүмкіншіліктер бұдан да көп. Сонымен университетімздегі шет тілі білімін айта кетсек, біз ағылшын сабағын қызықты өтеміз, граматикалық жаттығуларды орындаймыз, ағылшынша видеол...
Толығырақ... Оқылды: 1113 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Мен Абдрұзақ Айнұр неліктен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін таңдадым? ҚазҰУ еліміздегі және Орталық Азиядағы ең мықты және ең үлкен оқу орны болып табылады.Себебі, университетте жоғары дәрежелі ұстаздар білім береді. Нақты айтсақ, онда 1000 нан астам ғылым докторлары мен кандидаттары, 100 академик пен 50 философия докторлары жұмыс істейді. Қазіргі таңда уиверситетте 16 факультет, 32 ғылыми зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк пен әскери кафедра бар. Оқу орны 86 мамандық даярлап шығарады. Оқу орнының беделін көтеретін жетістіктері көп, оның бірі осы 2021 жылғы QS World University Rankings жаһандық рейтингісінде 800 университтердің ішінен 165-ші орынға көтерілуі. Университте студенттің өмірін қызықты әрі тиімді өткізуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Орта Азиядағы ең үлкен кітапхана, Интернет орталығы, Студенттер сарайы, Спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Фуд-корт. Ия, ия, осының барлығы Әл-Фараби университетінд...
Толығырақ... Оқылды: 1120 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.