Жаңалықтар

Ұмытылмас ұлы тұлға Зылиха Тамшыбаеваға 85 жыл

Жетісу жерінің Ел анасы - Социалистік Еңбек Ері атанған Зылиха Тамшыбаева тірі болса 5 қазан 85 жасқа толушы еді. Қабырғаны қайыстырған қазаның орны толмасы анық, болған іске болаттай беріктік танытқан ұрпақтары анасын еске алып, аруағына құран бағыштады, алыс-жақын ағайындарға, ауыл қарияларына арнап ас берді. Еңбегі бағаланып, есімі берілген Зылиха Тамшыбай ауылы басқа ауылдардан ерекше. Ауылға кіре берістен ақ тазалықтың әлі де сақталғанына тәнті боласың. Зылиха Жанболатқызының кең форматта ілінген суреті мен айтқан сөздері қазір де ұрпақ санасында жаңғырып тұрғандай әсер қалдырады. Ауылдың мәдениет үйінің алдынан ашылған ескерткіші мен еңбек жолын баяндайтын қабырғадағы ақпараттар әрбір ауыл азаматын еңбекке тәрбиелеп тұрғандай. Бұл басқосу мерейтойға қарағанда сағынышпен еске алу кешіне көбірек ұқсайды. Қабырғаны қайыстырған қазаға, Ел анасының арамызда жоқтығына жұрт әлі де сенбейді. Қазан айының алтыншы жұлдызында Тәуелсіз мемлекетіміздің 30 жылдығына сәйкес келген Зылиха Там...
Толығырақ... Оқылды: 747 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 12.10.2021

Арам пайда

Асыл дініміз Исламда келген тыйым етілген дүниелердің барлығында адам баласының жеке басы мен қоғамға зияны бар екендігі белгілі. Осындай үлкен күнә деп танылып, дініміздегі тыйым етілген істердің бірі – жемқорлық. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 188-аятында: «Араларыңдағы мал-дүниелеріңді бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың дүниелерінен бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар», – деп айтқан. Жемқорлық орын алған жерде жауапкершілік жоғалады, әділетсіздік орын алып, тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі. Ата-бабаларымыз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деу арқылы, ұрпағын имани қасиеттерден ажырамауға шақырып, әркез туралықта болуды насихат еткен. Жаратушымыз Алла Тағала Қасиетті Құранның «Мәида» сүресі, 42-аятында:«Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. Егер олар саған келсе, араларына үкім бер немесе олардан теріс бұрыл. Егер олардан теріс бұрылсаң да, олар саған ешбір...
Толығырақ... Оқылды: 790 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.10.2021

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ БАРШАҒА МІНДЕТ

Адам баласының өмірі белгілі бір кезеңдерден тұрады. Сәби кезінде әлсіз болып дүние есігін ашып, жастық шағында бойына жігер бітіп, қартайғанында қайтадан бойын әлсіздік билейді. Қасиетті Құранның «Рум» сүресінің 54-аятында Алла Тағала: «Ол сондай Алла! Сендерді әлсіз етіп жаратты, одан соң әлсіздіктен қуаттандырып, күшейтті. Одан соң күштіліктен әлсіретіп кәрілік берді. Алла нені қаласа, соны жаратады, Ол шексіз білім иесі, теңдессіз құдырет иесі», – деп айтқан. Осыған ұқсас «Ясин» сүресінің 68-аятында: «Сонымен қатар Біз кімге ұзақ ғұмыр берсек, оны жаратылысында әлсіретеміз. Олар сонда да ақылға салып ойланбай ма?», – деген. Бұл аяттар шынымен де, біздерді ойлануға шақырады. Қазір бойында жігері тасыған жас адам ертең қартайып, өзі де жәрдемге мұқтаж болады. Кімде-кім жастығында үлкендерге құрмет көрсетсе, ертең қартайғанда өзі де сол құрметті көретін болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):...
Толығырақ... Оқылды: 783 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.10.2021

Тәуелсіздік-тұғырым

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтекше ауылдық мәдениет үйінде “Тәуелсіздік-тұғырым” атты онлайн концерт өткізілді.
Толығырақ... Оқылды: 1016 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2021

QR арқылы төлем жасау мүмкіндігі

ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR кодтың көмегімен төлей алады. Азаматтарға арналған үкімет ҚР ІІМ-мен бірлесіп, көші-қон қызметі операторында отырып-ақ, төлем жасау мүмкіндігін іске асырды. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндікті ҚР барлық тұрғындары пайдалана алады. Клиент төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеуге өтініштер қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген сәтте, кассаға бармай-ақ бірден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесі арқылы баж алымын төлей алады. Санаулы секунд ішінде төлеу – әрбір екінші қазақстандыққа қолжетімді цифрлық мүмкіндік.Бұдан бұрын QR кодпен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 тг, паспорт үшін – 23 336 тг құрайды. Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем...
Толығырақ... Оқылды: 1317 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021

SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервис

Біз тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервисті енгіздік. Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады. Аталған жаңа сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.
Толығырақ... Оқылды: 1301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021

Жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу

Баланың туылуына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-ға жүгіне алады. Бұрын тұрақты тіркеудің болуы және тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты талаптарының бірі болған. Жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу үшін жеке куәлік, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, неке куәлігі, банк шоты туралы анықтама қажет.
Толығырақ... Оқылды: 1296 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021

Ресми құжаттарға апостиль қою

Көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі - ресми құжаттарға апостиль қою. Апостиль - бұл басқа елдегі кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын растайтын арнайы мөр. Бұл жоғары білім туралы диплом, туу туралы куәлік немесе неке туралы куәлік, мұрағаттан алынған көшірмелер және басқа да құжаттар болуы мүмкін. Апостиль қоюды екі тәсілмен жасауға болады – eGov порталында немесе ХҚО-да. Электрондық үкімет порталында қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Бұл қызметті алу бойынша нұсқаулық: - Порталда авторизациядан өтіп, "құқықтық көмек" бөліміне өтіңіз, содан кейін қызметке онлайн тапсырыс беріңіз -жолдарды толтырыңыз және апостиль қойылған құжаттың скан-көшірмелерін тіркеңіз -ЭЦҚ немесе смс-құпиясөз арқылы сұрауға қол қойыңыз; - Жеке кабинетте "Апостиль"электрондық мөртаңбасын алыңыз ХҚО-ға жүгінген кезде апостиль ұсынуға өтініш және келесі құжаттар болуы қажет: - жеке куәліктің түпнұсқасы - апостиль қоюға жататын құжат - бюджетке мемлекеттік ба...
Толығырақ... Оқылды: 1297 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021

Ұстаздық - ұлы құрмет

«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлт-санасын қалыптастырушы, адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбие нұрын төгетін, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, олардың рухани дүниесін байытады, дұрыс жолмен жүруге дайындайды, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейтіні де сондықтан. Отанымыздың болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, білім мен асыл қасиеттерді болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратуға бастатушы, жаңашылдықтың бастаушысы, қоғамды өркендетуші, ертеңгі тізгінді ұстайтын ұрпақ тәрбиешісі өте жауапты мамандық ие...
Толығырақ... Оқылды: 1379 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021

Жылдың үздік ұстазы атанды

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп һәкім Абай атамыз бекер айтпаса керек-ті. Шәкірттеріме «білгенімді үйрету – парызым әрі мақсатым. Жан-жақты ойлай алатын білімді жас жеткіншектерді тәрбиелеу. Осы мақсат жолында өзімнің күш жігерім мен уақытымды сарп етемін»– деп өзіне серт беріп, ұстаздық жолды таңдаған жанның бірі – Илиясова Райхан Адамбекқызы. Райхан Илиясова - 1994 жылдың 14 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Атамекен ауылында дүниеге келді. Сол ауылдағы мектепті үздік бітіргеннен кейін, 2011 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға түсіп, биология мамандығына ие болады. Қорғаған дипломдық жұмысы – тез тағайындалатын тағамдардың адам ағзасына әсері тақырыбында болды. 2017 жылы ауданымызға қарасты Жетіжал орта мектебіне жастар практикасы арқылы биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасып, бүгінгі күнге дейін атқарып келеді. 2020 жылы география мамандығ...
Толығырақ... Оқылды: 1358 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.